Түркістан облысы: Арыс қаласында мал еті мен балық сатушыларға лас сулар мен қалдықтарды лотоктар мен қоқыс жәшіктеріне тастамау керектігі баса айтылды

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, базарларды қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ретке келтіру бойынша арнайы жұмысшы топ құрылған. Бүгінде жұмысшы топ өкілдері қала аумағында жұмыс істеп жатқан базарлардың ішкі тәртібі, сауда, санитарлық, өртке қарсы ережелерін, сәулет, құрылыс, ветеринарлық және басқа да талаптардың сақталуын зерделеу мақсатында мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Атап айтқанда, базарлар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне сауда нысандарының санитариялық талаптарға сәйкестендіруін және дүкендер алдында ретсіз сауда жүргізуге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Яғни, сауда қатарлары жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеуі керек және барлық санитариялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ, базар иелеріне бақылау таразысы орнатылуы керектігі ескертілді.

Ал, мал еті мен балық сатушыларға лас сулар мен қалдықтарды лотоктар мен қоқыс жәшіктеріне тастамау керектігі баса айтылды. Себебі, санитариялық талаптарға сәйкес, ондай қалдықтар арнайы «Беккери» шұңғырына төгілуі тиіс.

Бұдан бөлек, заңсыз тасымалдаудың алдын алу, жүргіншілер қауіпсіздігін сақтау бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілуде.

Сондай-ақ, дүкендер мен дүңгіршектер, сауда үйлері иелеріне өзіне іргелес жатқан аумаққа қоқыс жәшігін (урна) қою керектігі айтылды.

Түсіндірме жұмыстары барысында ескертулерге қарамай, қолданыстағы заң талаптарын қайталама бұзған жағдайда айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді. Жұмысшы топтың рейдік шаралары әлі жалғасын табатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.