Түркістан облысы: Арыс қаласының мәдени күндері ұйымдастырылды

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы болды.

Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті.

Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздар мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Арыстың дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда белең алып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды.

Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, өнерпаздар сахналық қойылымдар қойды. Осылайша, Арыс қаласының Түркістан қаласындағы мәдени күндері ашық деп жарияланды.

Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін паш етіп жатты.

Киелі Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері өтті. Екі күнге созылған бағдарлама «Керуен сарай» кешенінде арыстық өнерпаздардың қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды. Мерекелік шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, Ербол Байырбеков бастаған танымал өнер жұлдыздары түркістандық көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық құндылықтарға толы іс-шараның алғашқы күні Этноауыл кешенінде келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті.

Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздары мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Арыстың дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда белең алып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды.

Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін паш етті. Шараның екінші күні Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Облыс орталығы Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін арыстық өнерлілер жалғастырды. Фестивальдің екінші күні Этноауыл кешенінде ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, спорт жампоздары қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу, қошқар көтеру, садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Келушілерді өнерімен тәнті еткен арыстық балуан Болат Тұрсынбаев салмағы бір жарым тонна болатын автокөлікті өз үстінен жүргізіп, көпшілікті таңқалдырды.

Осылайша арыстық спортшылар Түркістан төрінде ұлттық спортты ұлықтады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin