
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Қожатоғай округінде болып, ауыл азаматарымен келелі кездесу өткізді. Басқосудың басты тақырыбы – тұрғындар табысын арттыруға бағытталған «Ауыл — аманаты» жобасы болды.
«Жылдың басында кәсіп бастау үшін жеңілдетілген процентпен берілетін «Ауыл – аманаты» бағдарламасы екі ауылға ғана берілетін болған еді. Біз тұрғындар өтінішімен, облысқа ұсыныспен шығу арқылы аталған бағдарламаға қаламызға қарасты тағы 3 ауылды қостық. Мен қожатоғайлық ағайыннан мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланып, ауылды өркендетуге шақырамын» — деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.
Аталған жоба аясында қаламызға қарасты бес ауыл округ тұрғындары 2,5 процентпен жеке кәсіпкерлерге 8,6 миллион теңгеге дейін, ал кооперативтерді дамытуға 27,6 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Жобаның тағы бір артықшылығы – несие рәсімделгеннен кейін алғашқы төлемді тек бір жыл өткен соң барып жасайды. Төлемді ай сайын немесе әр тоқсан сайын, болмаса 6 ай, 12 ай сайын өз таңдауына сай жасауға болады.
«Менің тапсырмам бойынша құжат рәсімдеуде кедергілерді жою үшін арнайы жұмысшы топ құрылған. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса мамандар барынша тез уақытта шешіп, несие рәсімдеуде толық сүйемелдейтін болады», — деді Гүлжан Мамытқызы.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан жобаға қатысты сұрақтар қойылып, оларға жеке-жеке жауаптар берілді.
Аталған жобаның мақсаты — ауылдық елдімекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда комиссия шешімімен, Арыс қаласы бойынша аталған жоба аясында жалпы құны – 300,5 миллион теңгені құрайтын 62 тұрғынның жобасы мақұлданған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
506507 53235hey I was extremely impressed with the setup you used with this blog. I use blogs my self so excellent job. definatly adding to bookmarks. 712047
609863 134The Spirit of the Lord is with them that fear him. 730911
698159 519438You completed several great points there. I did specific searches on the problem and found many folks go in conjunction with along along with your blog. 23740