Түркістан облысы: Барлық мектептерде «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді

Түркістан облысы — еліміздегі халқы тығыз орналасқан және республикамыздың ең ыстық аймақтарының бірі. Жыл басынан бері шомылу маусымының ашылмағанына қарамастан, облыс аумағында 9 адамның суға кету дерегі тіркелді. Оның жетеуі жасөспірімдер болса, екеуі ересектер. Бұл жайында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен брифингте мәлімдеді.

«Жалпы өңірде 4 334 су айдыны бар. Олардың қатарында 42 суқойма, 149 өзен, 25 көл, 2 870 канал және 1 248 қашыртқы бар. Облыстық мәслихаттың шешімімен өңірде 111 шомылуға қауіпті аймақ бекітілген. Қазіргі таңда ол мекендерге ескертпелер қойылған» — деді Оразгелді Нұрмаханұлы.

Департамент тарапынан бүгінгі таңда барлық мектептерде «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп, арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылған. Сонымен қатар, ата-аналар жиналыстарында судағы қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқамаларды таныстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, барлық ұйымдардың әлеуметтік желілеріне және ата-аналар комитетінің, оқушылардың «WhatsApp» топтарына ақпараттық сипаттағы жадынамалар, бейнероликтер, кеңінен таратылып жатыр.

Су – денсаулықты нығайтуға және демалудан барынша рахат алуға көмектесетін адамның одақтастығы, мейірімді досы. Бірақ, сонымен қатар ол алаңғасарлық ойға төзе алмай жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Алаңғасарлықтың салдары ең ауыр болады. Оларды болдырмау үшін әр-бір адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. 

Ең бірінші және басты ереже – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар ересектердің бақылауымен шомылуға тиіс. Балаларды бақылауды барынша күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлкендердің еріп жүруінсіз жасөспірімдер арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуы мүмкін. Ең көп қайғылы оқиғалар суға шомылуға арналмаған су айдындарында орын алады. Ата-аналар балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып қана қоймай, оған қиын жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретуі қажет. Жасөспірімді үрейленбеуге және өзін қалай ұстау керек, не істеу керек екенін түсінуге үйрету өте маңызды. 

  Суға шомылу кезінде жол берілмейді: 

  1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге. 
  2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге. 
  3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге. 
  4. Қайықтарға салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға. 
  5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге. 
  6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға. 

Суда немесе жағалау сызығында болған уақытта ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Алкоголь тепе-теңдік сезімін, қозғалыс үйлесімділігін және өзін-өзі бақылауды нашарлатады. Жүзе алмайтындар тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуға болады. 

«Суға шомылуға тыйым салынады!» ескерту аншлагымен жабдықталған су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады. 

Есіңізде болсын! Тек судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау ғана қайғыға жол бермейді.

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы.

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

  1. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
    — Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
    — Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
    — Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
    — Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
    — Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
    — Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
    — Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
  2. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
    Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
— егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
— Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

  1. Су иірімінен шығудың тәсілдері
    — Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
    — Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
    — Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
  2. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет
    Суда ұзақ шомылу шаршап — шалдығуға әкеліп соғады.
    — Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
    — Әлсін — әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
    — Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
  3. Суық судың қауіптілігі
    Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
    Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек
Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.
— қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;
— қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
— Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.
— Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл — «ауыздан — ауызға» немесе «ауыздан — мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса, қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.

Осы тұста айта өтейік, елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 миллионнан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады, бұл — жалпы оқушылардың 88%-дан астамы.

«Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір тұр. Балалар мен олардың ата-аналары үшін қолжетімді сауықтыру бағдарламалары, орналасу шарттары мен қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы ақпарат қамтылған «Балаларға базарлық» және «Қауіпсіз жаз» ақпараттық пакеті дайындалды. Сонымен қатар өңірлерде жаңадан 5 сауықтыру орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға беріледі», — деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігіндегі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі бекітілді. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin