Түркістан облысы: Биыл Ордабасы ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер 341 мың тонна мал азығын жинады

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қысқы мал азығын дайындау бойынша ауылдағы шаруа қожалықтарын аралап, шаруалардың қысқа дайындығын пысықтады.

Биыл ауданда мал басына қажетті 322,9 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланып, бүгінгі таңда 341 мың тонна мал азығы жиналды. Аудан басшысы сапар барысында «Бадам» өндірістік кооперативінің және “Мусаев Мухан” шаруа қожалығының жұмыстарымен танысты.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы кездесуде шаруаларды кәсіптерін өркендету үшін мал және егін шаруашылықтары бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды. Әрі жыл өткен сайын жайылымдық алқаптың тарылуына байланысты мал басын арттыру, бағуда дәстүрлі тәсілден заманауи әдіске көшу туралы айтып өтті.

Айта кетерлігі, Ордабасы ауданында жалпы 280 бірлік мал ұстау объектісі бар болса, төрт түлікке қажетті азық түрінен сабан – 34 мың тонна, пішендеме — 13,5 мың тонна, табиғи шөп – 107,6 мың тонна, жоңышқа — 171,6 мың тонна және сүрлемдік жүгері ты14 мың тоннаны құрап отыр.

Ауданда 9 айдың қорытындысымен ірі қара мал 82 204 бас, уақ мал 447 383 басты, жылқы 32 345 басты, түйе 930 басты құрап отыр.

Сонымен қатар аудан әкімі Азат Оралбаев 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтау үшін Бадам ауылдық округіне барды. Аудан басшысы округ аумағында орналасқан қатты отын сақтайтын қойманы аралап, ауыл тұрғындарына қажетті көмірдің көлемі мен бағасын егжей-тегжейлі зерделеді.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкіміне қысқы жылыту маусымына қажетті көмір қорының нақты көлемін нақтылап, баға тұрақтылығын назарға ұстауды тапсырды.

Аудан басшысы іс-сапар барысында “КазГранитБадам” кәсіпорнының тұйығын аралап көрді. Аталған ЖШС облыс көлеміндегі 16 оператор қатарына енгізілген, бүгінгі таңда «Шұбаркөл» көмірін жеткізуші мердігермен келіссөздер жүргізілген.

Қазіргі таңда аталған тұйыққа 47 вагон (3 243 тонна) қатты отын келіп, барлығы тұрғындарға таратылған. Әр тоннасы 17 900 теңгеден саудалануда.

Айта кетерлігі, бір мезетте тұйыққа 5 вагон көмір (40 мың тонна) кіре алады.

Негізінде аудан бойынша 57 елді мекенде 21 610 үй саны тіркелген. Оның ішінде 9 елді мекенге табиғи газ жүйесі жүргізілген және 4 564 үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Ал, 17 046 үй қатты отын пайдалануда.

Жалпы, аудан әкімі Азат Оралбаев бюджет қаржысының атқарылуын және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары мен жоспарын ұдайы назарда ұстап отыр. Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің есебінде ауылдық округ әкімдерінің қалдық қарыздарды өндіру көрсеткіші, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен Құрылыс бөлімі бойынша тіркелмеген міндеттемелер жайы айтылды.

Аудан басшысы қарыздарды қайтару, тіркелмеген міндеттемелерді орындамаған сала жауаптыларына ексерту жасап, жұмысына салғырттық танытқан ауыл әкімдеріне әкімшілік шара көруді тапсырды.

Әрі барлық ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдерін, тағы басқа да қазынаға келетін қаржы көздері бойынша жұмыстарды жүйелеуді жүктеді.

Ал, аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков салалық бөлім бойынша индикаторлардың 9 айдағы көрсеткіші бойынша баяндама жасады.

Өз кезегінде аудан басшысы аграрлы ауданның облыс көлеміндегі рейтингте жоғары орыннан көрінуі қажет екенін тілге тиек етіп, шаруашылық көлемін ұлғайту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Әрі күзгі жиын-терімнің жағдайын саралайтын “Алтын күз” мерекесіне дайындықты күшейтуді айтып өтті.

Сондай-ақ, апталық жиында Азат Әбдіғалиұлы қысқы жылу беру маусымы, білім беру, денсаулық сақтау секілді әлеуметтік нысандарды қатты отынмен қамту, жылыжайлардың қысқы жылыту жұмыстары, ауылдардағы шаруалардың “Ауыл аманаты” бағдарламасына қатысу деңгейі, күзгі жасылдандыру (ағаш отырғызу) бойынша сала жауаптыларынан есеп алып, тиісті міндеттер жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin