Түркістан облысы: Биыл Ордабасы ауданының Қараспан ауылдық округінде бірқатар көшелер орташа жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген. Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге бойынша жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды. Бұл ретте аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алдыңғы кездесуде қараспандықтар тарапынан 35 мәселесі көтерілген болса, оның 12-сі шешімін тапқан. Осы жылы 7 мәселе шешімін табады деп жоспарланған. Ал, қалған 16 мәселені шешуге уақыт қажет және қаржыны талап етеді.

Аудан әкімі ауылдық округте осы жылы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Атап айтар болсақ, Қараспан ауылы Ш.Бимырза, Сыздықов, Қалыбеков, Бекмұратов, Тоқкөрген, Кенжебеков, Әл-Фараби, Өтеуов, Ырыс, Алпамыс батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Сондай-ақ, Батыр ата ауылындағы Маналы, Көкбұлақ, Ынтымақ көшелері, Көлтоған ауылындағы Мәметова, Астарлы, Бау, Ақшуақ, Құнанбаев, Шалғын, Табиғат, Тоғайлы көшелері, Төреарық ауылындағы Шарипов, Абамуслимов, Ақарыс, Алаш, Алтай, Әйтеке би көшелері орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

Осы ретте атап өтерлігі, аудан аумағында 1 432,1 шақырымды (республикалық маңызы бар — 73,3 шақырым, облыстық маңызы бар — 242,8 шақырым, аудандық маңызы бар — 93,6 шақырым, ішкі көшелер — 1 022,4 шақырым) құрайтын жолдар бар. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 елді мекендегі (Қараспан, Батыр ата, Көлтоған, Төреарық, Ынталы, Арыстанды, Амангелді, Қызылсеңгір) 44 көшеге орта  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, 5 көшеге орташа жөндеу, 2 көпірге ағымдағы жөндеу, Шұбарсу, Елшібек батыр, Көкарал және Төрткүл ауылдарының ішкі көшелеріне тас төсеу  жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар 2 жолға (Қалаш, Тоқсансай) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, Ордабасы ауданының автомобиль жолдары бойынша биыл 5 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ордабасы ауданы бойынша ішкі көшелерге тас төсеудің 1-кезеңіне 112,3 миллион теңге бөлінген. Нысан 2024 жылға өтпелі. Ұзындығы 18 шақырымды құрайды. Мұны бір деңіз. Екіншісі, ішкі көшелерге тас төсеудің 2-кезеңіне 155 миллион теңге қаралған. Нысан 2024 жылға өтпелі. Ұзындығы – 25 шақырым. Үшінші нысан — Сұлтан Бейбарыс көшесіне орташа жөндеу. Бұл мақсатқа 173,1 миллион теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға өтпелі. Ұзындығы 5,6 шақырымды құрайды. Төртіншісі — Қызылжар көшесіне орташа жөндеу. Оған 74,8 миллион теңге қаралды. Қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Ұзындығы 2 шақырымға созылады. Соңғысы — Қазыбек би және Тәуелсіздік көшелеріне орташа жөндеу. Бұл мақсатқа 218,4 миллион теңге бөлінген. Нысан 2024 жылға өтпелі. Ұзындығы 6,3 шақырымды құрап отыр.

Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол елді мекендерінде табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендерге маусым айында табиғи газ беру жоспарлануда.

Жалпы, Ордабасы ауданы бойынша қазіргі уақытта ТАБИҒИ ГАЗБЕН 57 елді мекеннің 16-і қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші  28,1%-ды құрап отыр. Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында «көгілдір отынмен» 7 елді мекен (Қараспан, Бейсен, Мақташы, Ақжол, Жамбыл, Батыр ата, Бірлік) қамтылады. Көрсеткіш 40,3%-ға артады.

Биыл 13 елді мекенде (Еңбекші, Көлтоған, Төреарық, Аманкелді, Бөген, Көкарал, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Көктөбе, Жеңіс) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін 7 елді мекен (Көлтоған, Төреарық, Аманкелді, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай) табиғи газға қосылады.

Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 28,1 пайыздан 53 пайызға артады.

5 елді мекеннің (Сарыарық, Жайылма, Мәдениет, Жаңатұрмыс, Жусансай) жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыру мақсатында салалық басқармаға сұраныс жолданды.

Сонымен қатар, 17 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Арыстанды, Ақсары, Жұлдыз, Кемер, Ынтымақ, Ақпан, Аққойлы, Нұра, Қалаш, Дихан, Бадам, Дербес, Мамыр, Ордабасы, Қарабастау, Ақбұлақ газ құрылысы, сондай-ақ Шұбарсу елді мекенге жеткізуші газ құбыры).

Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтуды 4 кезеңмен іске асыру жоспарланған. Нысан 2024 жылға өтпелі.

«Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ішкі желі құрылысы (құрылыстың 1-кезегі)» нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1420,4 миллион теңге, 2024 жылға өтпелі). Қазіргі таңда полиэтилендік газ желілерінің қазу және көму – 82,8  шақырым және 800 дана ГРПШ орнатылуда.

«Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ішкі желі құрылысы (құрылыстың 2-кезегі)» нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1175,5 миллион теңге, 2024 жылға өтпелі). Қазіргі таңда полиэтилендік газ желілерінің қазу және көму – 77,9 шақырым және 1000 ШРП тіреуіштері орнатылды.

«Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ішкі желі құрылысы (құрылыстың 3-кезегі)» нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1406,0 миллион теңге, 2024 жылға өтпелі). Қазіргі таңда темір болатты 30,0 шақырым және полиэтилендік газ құбыры 55 шақырым және 3 дана ГРП бағанасы орнатылды.

«Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге ішкі желі құрылысы (құрылыстың 4-кезегі)» нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1009,8 миллионтеңге, 2024 жылға өтпелі). Қазіргі таңда темір құбыр 45,0 шақырым және полиэтилен газ құбыры 19,403 шақырым жүргізілді.

Сонымен қатар, «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы биыл шілде айында Көлтоған елді мекендегі Ақшуақ, Мәншүк Мәметова және Табиғат көшелеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Жалпы, Ордабасы ауданында 57 елді мекеннің сапалы АУЫЗ СУМЕН 54-і қамтылған. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ).

Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, 2023  жылдың қазан айында ауыз су пайдалануға берілді.

Шұбарсу елді мекенінде ағымдағы жылдың сәуір айында 4-5 кезеңдерінің құрылысы аяқталып, тұрғындар ауыз суды пайдалануда. 2-3 кезеңі бойынша маусым айында тұрғындарға ауыз су беру жоспарланып отыр. Шұбарсу елді мекені бойынша 7 алап ауыз сумен қамтылған, қызмет көрсетуші мекеме — «Таза су» МКК (тариф – 67,84 теңге/текше метріне). Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңде жүргізу жоспарланған.

«Шұбарсу ауылын сумен қамтамасыз ету құрылысы нысаны бойынша (келісімшарт құны — 352 695,0 мың теңге) құрылыс аяқталып, 1 965 тұрғын немесе 655 абонент ауыз сумен қамтылды.

«Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (2-кезең) нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1 530 777,6 мың теңге. Жоба бойынша 3 333 абонент ауыз сумен қамтылды. Нысан 2023 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған болатын.

«Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (3-кезең) нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1 816 563,9 мың теңге. Жоба бойынша 3 584 абонент ауыз сумен қамтылды. Нысан 2023 жылдың қараша айында аяқталады деп межеленген еді.

«Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (4-кезең) нысаны бойынша (келісімшарт құны — 1 607 404,5 мың теңге. Жоба бойынша 3 142 абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысан 2023 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған болатын.

«Шұбарсу елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету (5-кезең) нысаны бойынша (келісім шарт құны — 2 136 855,6 мың теңге. Жоба бойынша 3 191абонент ауыз сумен қамтылатын болады. Нысан 2023 жылы қараша айында аяқталады деп болжанған еді.

Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жүргізу үшін қаржыландыруға сұраныс жолданды.

Осы жобалар іске асқан жағдайда 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.

Әр сала бойынша осы және алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталған аудан басшысы қараспандықтардың сұрақтарына жауап берді. Әрбір сұрақ хаттамаға түсіріліп, олар бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында аудан басшысы тұрғындарды “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырды.

Бұдан сәл бұрын аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, газдандыру, абаттандыру, санитарлық-тазалық бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрген болатын. Ауыл округтің орталығы Қараспанда бірқатар мәселелердің шешімін таппағанын сынға алған аудан басшысы ауыл әкіміне және тиісті бөлім басшыларына ескерту жасады және оларды ретке келтіру үшін нақты мерзім белгіледі. Әсіресе, санитарлық-тазалық, нысандардың қасбеттерін жөндеу мәселесінде жол бойындағы коммерциялық нысан иелерінің де жауапкершілігі болу керектігін, тазалық жұмыстарына олардың да белсенділік таныту қажеттіктерін тілге тиек етті.

Сондай-ақ аудан әкімі округтегі елді мекендерде жол бойларын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шараларын жедел түрде қолға алуды тапсырды.

Қарааспан ауылдық округінің құрамына Ақжол, Ақпан, Батыр ата, Бейсен Оңтаев, Берген Исаханов, Жаңатұрмыс, Жұлдыз, Көлтоған, Қарааспан, Мақташы, Мәдениет, Сарыарық, Төреарық, Ынтымақ ауылдары кіреді. Орталығы – Қарааспан ауылы.  

Кездесу соңында аудан әкімі ауыл округтің тұрғындарын жайылым жер, ағын су, табиғи газ және т.б.мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді.

Ағын су демекші, Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын ендіру тапсырмасы бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын ауданда 1 300 гектар егістік жерлерге ендіру жоспарланған. Бұл бойынша қазіргі таңда 474 гектарға тамшылатып суғару жүйелері қолданылуда. Жыл соңына дейін қосымша 5 шаруа қожалығы 1 080 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізуді жоспарлауда (тамшылатып — 850 гектар, жаңбырлатып — 230 гектар).

Анықтама үшін нақтылай тоқталсақ:

— Тамшылатып суғару бойынша: «Рамазан-Агро» АӨК – 250 гектар, «Мақта компаниясы» ЖШС – 600 гектар;

— Жаңбарлатып суғару бойынша: «Жан-2004» ЖШС – 70 гектар, «Байсары» ШҚ – 30 гектар, «Диярбек» ЖШС – 130 гектар.

Сонымен қатар каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Найман, Қазыналық, Құртай, Р-6, Р-11-С, Р-11-К, Р-12, ЛБК, Р-1). Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, 6 каналды (Р-7, Құрманбек, Р-7-3, Р-8, Р-8-А, Р- 10-1) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша ұсыныс берілген.

Ағын суды тиімді пайдалану, каналдардың су өткізу қабілетін арттыру мақсатында көктемгі суару маусымында 8 каналдың 23,3 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin