Түркістан облысы: Биыл Түлкібас ауданында 64 мың гектардан астам алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

«Көктемнің бір күні – жылға азық» демекші, түлкібастық шаруалар ерте көктемнен бастап көктемгі егістік жұмыстарына белсене кірісіп, бүгінгі таңда 64485 гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып үлгерген. Оның ішінде: жаздық бидай – 2525 гектар, арпа – 8795 гектар, ноқат – 200 гектар, жүгері – 350 гектар, тары –145 гектар, мақсары –10 499 гектар, жоңышқа –29 242 гектар, картоп –1200 гектар және көкөністер –1500 гектар. Сонымен қатар 10 029 гектарға күздік бидай егілген.

Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 706 трактор, 138 комбайн, 417 тіркеме және басқа да қосымша техникалар бар.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармайға ниет білдіруші шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын босатуға 2 оператор бекітіліп, ауданға 2990 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Олар – ЖК «Узенбаев P.К» және «Санали груп» ЖШС операторлары. Шаруаларға 2 оператор арқылы жеңілдетілген жанар-жағармайдың 1 литрінің бағасы Шымкент қаласынан жеткізілуімен 204,0 теңгені құрады. Аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 2210 тонна жанар-жағармай алынды. Қазіргі таңда мамыр айына бөлінген жанар-жағармайды толық шаруаларға босату жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда атап өтер жайт, қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары бағыттарында жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңгеге дейін несие 5 жылға дейін беріледі, ал мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңгеге дейін 7 жылға дейін ұсынылады.  Бүгінде алдағы үш жылда құны 172 млрд. теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда.  Яғни, «Састөбе» инновациялық кешенінде каустикалық сода және цемент өндірісі (160 млрд. теңге), «Beibars Bottlers» ауыз су және алкогольсіз сусындарының өндірісі (7,6 млрд. теңге) және «Табиғи өнім LTD» серіктестігі күркетауық етін (4,4 млрд. теңге) өндіретін болады. Осы жобалар бойынша 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы саласында былтыр 55 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығында – 29 млрд. теңгеге. Өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 26 млрд. теңгені құрады. Биыл «Ырғайлы-1» каналының күрделі жөндеу жұмыстары басталады, жалпы жобаның құны 278 млн. теңге. Жұмыстарды келесі жылы толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жалпы агроқұрылымдардың сұранысын ескере отырып, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд. теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9 мыңға жетіп, оларда 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түлкібас ауданы бойынша былтыр 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 158 жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.  Сондай-ақ, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымдар және 61 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Тұрар Рысқұлов ауылындағы 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылысына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысына 1,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауылындағы 150 орындық Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінің құрылысына 756 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аманкелді мектебінің қосымша корпусының құрылысына 214 млн. теңге толық қаралды. Сондай-ақ, 100 орындық Абайыл негізгі мектебінің құрылысына 269 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Кершетас ауылындағы Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 238 млн. теңгеге жөңдеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. Салынатын мектептер жаңа форматта болады. Заманауи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен. Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Жоба аясында аудандағы Тұрар Рысқұлов ауылында 900 орынға және Састөбе ауылында 300 орынға 2 жаңа мектептің кұрылысы жоспарлануда. Бұл мектептердің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Денсаулық сақтау саласында 52 мекеме қызмет көрсетеді. Былтыр 331 млн. теңге қаржы бөлініп, Састөбе кентінде 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.  «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 4 елді мекендегі (Рысқұл, Шұқырбұлақ, Ақбиік, Келтемашат) фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысына 515 млн. теңге қаржы қарастырылды. Жұмыстар ағымдағы жылы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Ауыз сумен халықты қамтамасыз ету үшін бюджеттен 408 млн. теңге бөлініп, Шақпақ баба ауылының ауыз су жүйесі жаңартылып, нәтижесінде 621 абонент 24 сағат сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Осы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында 536 млн. теңге қаржы бөлініп, 47 көше жөндеуден өткізіледі. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 83 пайызға дейін артады.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.