Түркістан облысы: Біліктілікті арттыру курстары тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды

Өңір әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өткен жылдың соңында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

Осыған орай Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Түркістан облысының білім беру саласының қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Екі күнге жоспарланған тәжірибе алмасуға 150-ден астам түркістандық педагог қатысты.

Панельдік сессияда 16 өзекті тақырып қозғалып, талқыланды. Атап айтқанда білім берудегі сапа менеджменті жүйесі (TQM IS), белсенді оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту, электронды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пайдалану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру сынды бірқатар маңызды бағыттарды қамтыды.

— «Жайлы мектеп» кадрларын осы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен дайындықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 29 “Жайлы мектеп” іске қосылады. Бірінші кезекте Ұлттық жоба аясында алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты, толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері біліктілікті арттыру курсына қатысады.

Ал, құрылысы 2025 жылы аяқталатын 34 мектептің педагогикалық құрамы кезең-кезеңімен іс-тәжірибеден өтеді, — деп панельдік сессияны қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы келген профессорлар құрамына алғысын білдірді.

Курсқа қатысушылар енді практикаларын жаңа ізденіс және нақты әдістермен жүргізеді. Мамандардың біліктілігін арттыру тұрғысынан шетелдік технологияларды да қолға алу қатар атқарылуда. Біліктілікті арттыру курстары тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналып қана қоймай, Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға ықпал етті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin