Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы аймақтық оқыту семинарын ұйымдастырды

Білім беруді дамыту орталығының 2024 жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 30 сәуір күні Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандық, қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен топ жетекшілеріне арналған «Колледж топ жетекшілерінің тәрбиелік іс әрекетінің өзекті бағыттары» тақырыбында аймақтық оқыту семинары А. Исмаилов атындағы кәсіптік колледж базасында өткізілді.

Семинар барысы аталмыш колледж білім алушыларының флешмобымен бастау алды. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша дуальды оқыту бағытында «Ақылды еден», «Ақылды панель», «Ақылды құм», т.с.с заманауи ойын түрлері баланың ойлау қабілетінің дамуына оң ықпалы болатындығы туралы колледж волонтерлері сабақтарымен бөлісті.

Колледж мұғалімдерінің ұйымдастыруымен дебат ұсынылды. Семинар қатысушылары көптеген құнды дүниелерді көріп, танысты. Негізгі тақырып аясында топ жетекшілерінің тәрбие саласының өзекті бағыттары ұсынылып, топтық жұмысқа ұласып, «Колледж — Топ жетекші — Білім алушы» үш бағытта постер жасау арқылы өз кәсіби шеберліктерін танытты.

Колледж директоры Г.Камалқызы семинар барысын бақылап, өз тарапынан құнды кері байланысын берді. Қоғамда білікті маман иелерін тәрбиелудегі еңбектер атқарылуға басты назар аудару мақсаты көзделді.

Бұдан бөлек Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2023–2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2024 жылдың 25 сәуір күні Төлеби ауданындағы Қ. Мамытов атындағы ЖББМ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабағында цифрлық білім ресурстарды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілген болатын.

Семинар-тренинг тарих сабағында цифрлық білім ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында өткізілді. Аталған семнарға қала, ауданнан 40 тарих пәні мұғалімі қатысты.

Семинар-тренингте:

  • «Тарих сабағында цифрлық білім ресурстарын қолдану арқылы білім сапасын арттыру»;
  • «Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы деңгейлеп-саралап оқытудың тиімділігі»;
  • «Тарих сабағында АКТ пайдаланудың тиімді жолдары»;
  • «Концептуалды тәсіл негізінде оқушылардың тарихи-танымдық құзыреттілігін дамыту»;
  • «Тарих сабағында білім беру платформаларын тиімді қолдану»;
  • «Тарих сабағында инновациялық әдістерді пайдалану»;
  • «Сабақты бекіту кезінде цифрлық білім ресурстарын пайдаланудың тиімділігі»; «Метапәндік оқытудағы тиімді платформалар»;
  • «Оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы тиімді платформалар» атты тақырыптарда педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin