Түркістан облысы: Білім беруді дамыту орталығы аудан-қалаларда шебер-сынып өткізіп, озық педагогикалық іс-тәжірибені таратты

«Білім беруді дамыту орталығы» 2024-2025 жылдарға арналған облыстық жол картасына сәйкес «Түркістан облысының 100 білім беру ұйымдарына 1 сәуір мен 1 маусым күндер аралығында мақсатты әдістемелік қолдау» жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Мақтаарал ауданының №32 жалпы білім беретін мектебі базасында «Химия пәнінен күрделілігі жоғары есептерді Пирсон (конверт) әдісі арқылы шығару» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Мақсаты: Химия пәні мұғалімдеріне күрделілігі жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдарын үйрету арқылы білім сапасын арттыру. Шебер-сыныпқа химия пәнінің 25 мұғалімі қатысты.

Шебер – сынып барысында ББЖМ 2022-23 жылғы нәтижесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

«Тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау», «Химиялық реакциялардың жіктелуі» тақырыптарындағы есептерді Пирсон (конверт) әдісі арқылы шығару,

Ле Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау арқылы зейіні төмен оқушылармен тиімді жұмыстар жүргізудің жолдары және химия пәнінен зейіні төмен оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру, күрделілігі жоғары есептерді шығару арқылы білім сапасын арттыру тақырыптары қамтылды.

Шебер-сынып соңында қойылған сұрақтарға толығымен жауап беріліп, пайдаланылған материалдар пән әдіскері мен мұғалімдерінің пошталарына жолданды.

Атап өтерлігі, есеп шығару – оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдістерінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек, өйткені есеп шығару арқылы теориялық ұғымдар, заңдар, теориялар тереңдей түседі, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістетуге, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасалады. Химиялық есептер екі топқа бөлінеді: сан есептері және сапа есептері. Сан есептері арқылы жаңа білім беріледі, алынған білім нығайтылады, жетілдіріледі. Есептеулер арқылы химиялық теориялардың, заңдардың мәні ашылады.

       Сандық есептерінің типтері:

  • І. Химиялық формулалар арқылы есептеу.
  • ІІ. Химиялық теңдеулер арқылы есептеу.
  • ІІІ. Ерітіндіге арналған есептер.

       Сапалық есептері – эксперимент есептері, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады.

       Химия есептерін шығарудың әдістері:

  • Арифметикалық әдіс
  • Алгебралық әдіс
  • Дайын формуланы пайдалана отырып шығаратын әдіс
  • Крест әдісі.

Мұнан бөлек Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 16 мамыр күні Төлеби ауданының «Шомшақты» жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айгүл Рысбекқызының «Құндылыққа негізделген тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында озық педагогикалық іс тәжірибесін тарату мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу мақсаты — құндылықтарды жүзеге асырудағы жаңаша тәрбие жұмысындағы ақпараттық кеңістігін құру.

Зерттеу барысында қатысушылардың өзара тығыз байланыста тәжірибе алмасуына қолайлы жағдай жасалып, тәжірибені жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды.

«Тәрбие – білім берудің ажырамас құрамдас бөлігі» ол белгілі бір құндылықтарға негізделгенде ғана нәтижелі болмақ. Осы орайда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастықта жұмыс атқаруда, «Қоғам. Отбасы. Мектеп» тақырыбында ата-аналармен шебер сынып өткізілді.

Мектептің педагог-психологтарымен ұйымдастырылған сергіту жаттығулары, отбасылық құндылығымызды насихаттаушы «Отбасылық құндылық ағашы» тренинг жаттығулары ата-аналар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Семинар соңында қатысушылар ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі білім берудің мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 жылы) «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауга бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … жеке даму үшіп жағдай туғызу арқылы интелектін байыту жатады; …оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетіледі, сонымен бірге мұғалім-іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кездегі мұғалімдердің оқушылардың біліктілігін жстілдірумен қатар кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін өмірде қолда іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді.

Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру, өзіндік білім алуға бейімдеу, тұлғаның үздіксіз білім алуын камтамасыз ету, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекеттеріне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.

     Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қaлыптастырaмыз.

Faсырлар шеруінде халқымыздың алақaнына салып аялаған ба­ға жетпес рухани мұрасы, даналық да­рия­сы оның әдебиетінен көрініс табады. «Тyғaн тiлiн cүюдeн бacтaлaтын мaxaббaт, eлжaндылықтaн aдaмзaтты шeкciз құpмeттeyгe дeйiн өceдi. Жacынaн тyғaн xaлқының дaнaлығымeн cycындaп, oның өcиeтiнeн нәp aлып, әдeбиeттi cүйiп, coл apқылы ұлтжанды aзaмaт бoлып өcepi xaқ», — дeйдi aca көpнeктi әдeбиeттaнyшы Ш. Eлeyкeнoв.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шын мәніндегі Адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін еңбекті қажет ететін аумағы кең, жауапкершілігі мол күрделі іс екенін ұқтырса керек. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, сом тараулы тәрбие жолының тоғысар тұсы халықтың өзінде, ата-баба салт-санасында, дәстүрінде. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек,еліміздің халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінеді. Даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек. Ғалымның ісі – ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөзбен формулаға айналдыру. Әдіскердің міндеті – ғалымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралын табу. Педагогтың міндеті — ғалым мен әдіскердің міндетін кең көлемде қоса отырып, оқушының тұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – ұстаз алдындағы үлкен міндет. Адамзат тарихында құндылықтар қалыптасуының негізгі ерте заманнан-ақ ойшылдар мен ғұламалардың  назарында болды. Олардың тәрбиелік негіздері атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа ізгі қасиеттер мен сезім ниеттерден тұрады. Ұлттық құндылық белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар негізгі ізгілікті, ақылды адамгершілік, парасаттылық, имандылық мідеттерін ажырата біліп өзіне таңдау жасауы. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мінез-құлық мәдениетін меңгеруде оқушылардың бойына ұлттық имандылық, адамгершілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол  болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым» — дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?  Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратынқұлықты болуын,сұлу сөз сйқырлы ұн.әдемі өң мен түрлі ләззат ала білетін, һәм байсалды ,ойламдышымыр болып өсуінұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған. Ұрпақ тәрбиесіне кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор .

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

— индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену;

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

— оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;

— жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

— ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

— жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.    

Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:

— сыныптағы тәрбие сағаттары;

— баспасөз және қабырға газеттері;

— бұқаралық ақпарат құралдары;

— тәрбие шаралары (пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)

— кітап оқу;

— мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;

— шығармашылық жобалар қорғау;

— қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;

— саяхат жасау;

— үйірмелерге қатысу.

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту — өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістітерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып саналатын адамзаттық құндылықтардың бірі тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамидарды сүйе білу қажетілі болып табылады.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз — соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.

Ұстаздардың ой-пікірлері жоғарыда айтқан пікірлердің арнасында тоғысты.

Сонымен қатар Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» 2024 жылдың 14 мамыр күні Түркістан қаласының М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебі базасында «Даналық ой» жоба аясында «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында облыстық диалог алаңы орталық әдіскерлері М. Усенбеков, Г. Әмре және тарих пәні мұғалімі Д.Жуманованың ұйымдастырумен өткізілді.

Аталған іс-шараға АҚББ-не қарасты білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, тарих пәні мұғалімдері, жалпы 100-ден астам педагог қатысты.

Диалог алаңы барысында мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері, кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры кітаптарының тең авторы Сәкен Нұрқабекұлы және журналист, тележүргізуші, ақын, жазушы «Түркістан» телеарнасындағы бөлім басшысы Марина Хасанова құнды ақпараттармен бөлісіп, қатысушылардың туындаған сұрақтарына толық жауап берілді.

Сонымен бірге М. Усенбеков «Нарықтық экономикасының мамандыққа тапшылығы» тақырыбында презентация арқылы ақпаратпен бөлісті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin