Түркістан облысы: Білім беруді дамыту орталығы қызметкерлеріне ақпараттық семинар өткізілді

Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарын құқықтық түсіндіру мақсатында ақпараттық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұлғаның сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Мекеме заңгері К.А.Баймұратова баяндама жасап, аталған заңдағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелі ұғымдарына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін түсіндіріп, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілдік берген тұлға немесе оған теңестірілген тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы алуы әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық болса, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану ҚР Қылмыстық кодексімен қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы болып танылатынын баяндады.

Баяндама соңында Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-жоспарына» сәйкес атқарылған жұмыстар барысына тоқталып, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қатаң сақтап, адалдық, әділдік, заңдылық аясында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin