Түркістан облысы: Бәйдібек аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы мәселе көтерілді

Бүгін Бәйдібек аудандық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Омарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан жүргізді.

Сессия отырысында Бәйдібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 желтоқсандағы №26/149 «2023-2025 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Бәйдібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова, Бәйдібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі «Тероризмге қарсы іс-қимыл комиссиясының құрамын бекіту туралы» №39/215 шешімімен бекітілген комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Сейсенғали Арыстанбаев баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары С.Спабеков, Б.Кенжебаев, Ш.Мұңашов, Д.Ахатаев, Д.Күмісбеков, Е.Аманбаев сұрақтарын қойып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жалпы, бүгінгі өткен сессия жұмысында аудандық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы сенім артып, қолдау білдіргендері үшін депутаттарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ауданның дамуына бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.