Бүгін Бәйдібек ауданының жасөспірім оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шарада құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аудандық полиция бөлімінің бір күндік жұмыс күнімен және полиция бөліміндегі арнайы құралдармен таныстырылым жасалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына талапкерлерді жинақтау, полиция қызметіне үгіт-насихат жұмыстары түсіндіріліп, жүргізілді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.