Түркістан облысы: Бәйдібек ауданы тұрғындарының 97,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған

Бәйдібек ауданында алдағы 4 жылда инвестициялық құны 25 миллиард теңгені құрайын 27 ірі жоба іске асырылмақ. 2025 жылы жалпы құны 7,6 миллиард теңгені құрайтын «Корпорация ERNUR» ЖШС-нің 860 мың басқа арналған құс фабрикасы іске қосылатын болады. Онда жылына 200 миллион жұмыртқа шығарылып, 45 адамды жұмыспен қамтымақ ниетте.

Сонымен қатар, өңірдегі Боралдай ауылдық округінде «Шаян» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін травертин тасын өңдейтін «Рамирта» ЖШС-і орналасып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. 2025 жылы тағы да травертин тасын шығаратын екінші кәсіпорынның жер телім құжаттары дайындалып, іске қосу көзделіп отыр. Бұл жайында Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Бәйдібек ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 57,6 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 9,4%-ға жоғары. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданның негізгі капиталына 24 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жыл қорытындысымен көрсеткішті 29,4 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында да ауыз толтырып айтарлық жаңалық жетерлік. Бүгінгі күнге дейін аталған саладағы өнім көлемі 31,1 миллиард теңгеге жетті» — деді аудан басшысы.

Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 5 520 бірлікті құрап отыр. Сонымен қатар, ел Президентінің «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында ауданда биыл 401 жұмыс орны ашылған. Айта кетейік, аудандағы жалпы халықтың 18 мыңы экономикалық белсенді. Оның ішінде 17 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудандағы инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер бар. Бүгінгі таңда аудандағы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 62,1% болса, жыл соңына дейін нәтижені 86%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының 97,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, ауданда 2024 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 5 елді мекенде 13 шақырым әуе желілері мен 512 бағана орнатылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin