Бәйдібек ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары: «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінген дизель отынын бөлу тетігін заңнамалық қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің №137 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілді» — деп хабарлама жасап отыр.
Онда «Осы бұйрыққа сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестері, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге, одан әрі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау тәртібі мен шарттарының регламенті бойынша интернет-ресурста аграрийлер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдері ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін мына электрондық мекенжай бойынша https://bpm.gosagro.kz. қабылданатындығын хабарлаймыз» делінген.
Бұл ретте ақпараттық жүйеге кіру әрбір ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Осы тұста ескерер жайт, егер аталмыш мәселеге байланысты сұрақтар туындап жатса, анықтама алу үшін Бәйдібек аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержан Қамбаровқа жүгінсеңіздер болады. Байланыс нөмірі – 8-701-642-35-74. Жұмыс нөмірі: 8-(725-48) 2-17-39.
Атап өту керек, биыл республика бойынша көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға көп.
Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу зауыттарымен ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді.
Биыл арзандатылған жанар-жағармай тек оңтүстік облыстарға ғана емес, солтүстік астық егетін облыстарға да ақпаннан бастап тиеп-жөнелтіле басталды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды:
- ақпан-мамыр айларында дизель отыны біркелкі іріктеумен 2023 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарының графигі бекітілді;
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды;
- электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының жеке виртуалды қоймасын құруы.
Мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің операторлары шарттарға, өтінімдерге, төлемдерге қол қоюды аяқтағаннан кейін және Мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойғаннан кейін Мұнай өңдеу зауыты дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын. Жалпы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жоспар толық көлемде орындалуда, мәселе ҚР Энергетика министрлігі мен “ҚазМұнайГаз” компаниясының тұрақты бақылауында», — дейді Энергетика министрлігіндегілер.
2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес:
- мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер жыл сайын көктемгі егіс (1 наурыздан 31 мамырға дейін) және күзгі егіс жұмыстары (1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін) кезеңінде мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес стационарлық автожанармай құю стансаларының атына мұнай өнімдерінің (автобензин және дизель отыны) көлемін беруге міндетті;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша өкілеттіктерге ие.
Осы түзетулер қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі осы түзетулер негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындау қағидаларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу тәртібінің жобасын әзірледі.
Сонымен қатар Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (МАЖ) жеңілдікті дизель отыны квоталарын алушылардың тізілімін (дерекқорын) қалыптастыруды көздейтін, мәлімделген егіс алаңының 1 гектарына және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша дизель отыны шығысының нормативтері мен егіс алаңдарына байланыстыра отырып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Pretty element of content. I just stumbled upon your web site and in accession capital to say that I acquire
actually loved account your weblog posts. Any
way I will be subscribing on your feeds or even I success you
get entry to constantly fast.