Түркістан облысы: Бәйдібек ауданы әкімінің жеке қабылдауына келген азаматтар ауыз су мен жер мәселесі жөнінде өтініштерін жеткізді

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған Ағыбет, Ақбастау, Бөген, Жымбыл және Шаян ауылдық округіндегі елді мекендерінен азаматтар келіп, аудан басшысына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты.

Жеке қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, ауыз су, жарық, жол, жер мәселесі мен әлеуметтік көмек жөнінде өтініштерін жеткізді.

Аудан басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме беріп, тұрғындардың жеткізген бірқатар мәселесін бақылауына алып, орындалуы жөнінде сала бойынша орынбасарлары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапармен Ақбастау, Боралдай ауылдық округтеріне барды. Сапар барысында аудан басшысы «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі жүргізіліп жатқан ішкі көшелердің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жоба аясында Ақбастаудағы 11 ішкі көше жөндеуден өтуде. Жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады.

Сонымен қатар Ержігіт Шәріпбеков Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас-Теректі елді мекеніне баратын автомобиль жолға төселіп жатқан асфальт жолдың жұмыстарын бақылады. Мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен бірге аудан басшысы Ақжар елді мекеніндегі аяқталуға жақын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, келесі аптаға дейін қалған жұмыстарды толық бітіру жөнінде ескертті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.