Түркістан облысы: Вице-премьер Ордабасы ауданындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы кооперативтердің өкілдерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында Ордабасы ауданындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы кооперативтердің өкілдерімен кездесті. Республикада мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 100 миллиард теңге қарастырылған. Түркістан облысында 19,8 миллиард теңгені игеру жоспарланып отыр. Өңірге 11 миллиард теңге бөлінді.

Бадам және Шұбар ауылдық округтерінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ауыл тұрғындарын біріктірген жеті кооператив жиналады. Олардың төртеуі (жалпы саны 165 қатысушы) – отбасылық сүт фермалары, бордақылау алаңы, құс фабрикасы және жылыжай шаруашылығы.

Облыс әкімдігі ӘКК-мен бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдарға жеңілдікпен шағын несие беру жөнінде өтінімдер қабылдауды қысқа мерзімде бастауы және бұл туралы ақпаратты барлық ресурстарға орналастыруы қажет.

Екінші кездесу Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылында орналасқан орта мектепте өтті. Тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныстар түсіп, сұрақтарын да қойды. Шешілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Ауыл тұрғындарын да, қала тұрғындарын да медицина мен білім сапасы, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, әлеуметтік қамсыздандыру секілді мәселелер алаңдатады.

Қазіргі уақытта республикада азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр, мектептер, денсаулық сақтау объектілері салынуда. Мұның бәрі бірқатар қиындықты шешеді. Олардың қатарында мектеп, кадр тапшылығы, жұмыспен қамту секілді мәселелер бар.

Сондай-ақ, Сарыағаш қаласының аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда дәрігерлердің ерекше статусы, денсаулық сақтау мекемелерін заманауи жабдықтармен жабдықтау, біліктілікті арттыру және мамандандыру секілді тақырыптар талқыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.