Түркістан облысы: Дарынды оқушылар бақ сынасқан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Олимпиада десе, бірден есімізге әнұрандар асқақтаған спорттық олимиадалар еске түседі. Біздің айтпағымыз, бұдан өзге атағы мен даңқы, айбыны мен ауқымы одан аласалау болса да, маңызы одан кем қалмас ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы – пән олимпиадасы. Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар қосынын қалыптастыратын ең үлкен және ең тамаша бағдарламалық бәсеке.

Осы орайда Түркістан облысының Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты қала мектептерінен республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жалпы 31 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 3-сыныптар бойынша №23 мектептен Ибрахим Дінмұхамедұлы, Қарнақ мектебінен Самир Канатдинов, 4-сыныптар бойынша №22 мектептен Абуталиб Асанов жүлделі І орынға ие болып, республикаға жолдама алса, 3-сыныптар бойынша 9 оқушы, яғни №22 мектептен Алексей Задорожный жүлделі І орын, №4 мектептен Бекасыл Бадамбаев, Қашғари мектебінен Маржона Камилханова, №1 мектептен Раян Үсен, Өзбекәлі Жәнібеков мектебінен Абдуллах Адилханов, №22 мектебінен Тимофей Крохмаль жүлделі ІІ орынға, №16 мектебінен Саида Орынбаев жүлделі ІІІ орын, Қашғари мектебінен Каусар Паччаханова, №1 мектебінен Аслан Нуритдинов Алғыс хатпен марапатталса, 4-сыныптар бойынша №5 мектебінен Дінислам Абдуллахан, №23 мектебінен Шахзода Суннаттулаева жүлделі ІІ орынға, №14 мектебінен Ашимхан Абылайхан, Қашғари мектебінен Угилжан Юсупова, №22 мектебінен Нурбек Амангельдиев, №1 мектебінен Әбдіахмет Нурислам, №12 мектебінен Айым Рахымжан, Даражол мектебінен Туленбай Бексұлтан жүлделі ІІІ орынға болып, №9 мектебінен Айзере Абылхайыр, №16 мектебінен Самир Бахадыров Алғыс хатпен марапатталды. Жеткіншектерге «Жеңістерің құтты болсын!» деп тілек қосамыз.

Одан бөлек олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижемен дайындаған пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл ұстаздың қажырлы еңбегі мен білімі және өзіне деген сенімділіктің нәтижесі деп білеміз.

Айта өтейік, аталмыш олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: Математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру; Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу; Жеңімпаздарды анықтап, ынталандыру; Оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру; Математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету.

Олимпиадаға қатысу шарттары мен өткізілу тәртібіне келсек, олимпиада алдын ала дайындалған жоспар бойынша өткізіледі. Олимпиаданың өткізу тәртібін Ұйымдастырушылар бекітеді. Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысу өтінім жіберуі керек. Бұл кезеңге мектептегі 3-ші және 4-шы әр сыныптан (3«А», 3«Ә», 3«Б»)  5-8 оқушыға дейін қатыса алады.   

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады: І кезең – мектепішілік. Мектептерден келген сұраныс негізінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі орналасқан өңірлерде жергілікті мектептермен уақытын келісе отырып, офлайн өткізеді. 

Олимпиаданың тапсырмалары жалпы екі бөлімнен тұрады. Берілетін уақыт — 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет.

Бірінші бөлім.  Тест жұмысы, 10 есеп беріледі,  әр  дұрыс  жауапқа 5 ұпай, жалпы ұпай саны — 50 .

Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі,   жалпы ұпай саны — 50.

Мектепішілік кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңге жолданады. 

Жеңімпаздар саны әр мектептен 4 оқушы, яғни 3 сыныптан — 2 оқушы, 4 сыныптан — 2 оқушы.

II кезең – қалалық кезең (офлайн). 

Олимпиаданың тапсырмалары жалпы үш бөлімнен тұрады. Берілетін уақыт — 100 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет.

Бірінші бөлім. Тест жұмысы, 10 есеп беріледі, әр дұрыс жауапқа 4 ұпай, жалпы ұпай саны — 40.

Екінші бөлім. Бос орынды толықтыру, 10 есеп беріледі, мұнда оқушылар тек жауаптарын толтырады. Әр дұрыс жауапқа 4 ұпай беріледі, жалпы ұпай саны — 40.

Үшінші бөлім. Шешу, дәлелдеу, есептеу. Бұл кезеңде қатысушыларға 2 есеп беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі, жалпы ұпай саны — 20.

 Олимпиада тегін, оқушылардан қаражат жиналмайды.

Олимпиаданың өткізу уақыты мен тәртібін Ұйымдастырушылар анықтап, бекітеді.

Марапаттау туралы да еске салсақ, олимпиада жеңімпаздары әр бөлімде жинаған ұпайларына   байланысты анықталады. Әр кезең ұпайлары келесі кезеңге қосылмайды. Олимпиада жеңімпаздарына  І, ІІ, ІІІ орын иеленгені үшін өңірлік «Дарын» орталықтары   мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің атынан дипломдар және бағалы сыйлықтар беріледі. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin