Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Отырысты Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиев жүргізіп отырды.
Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Самет Нұрдаулет Ильясұлы және салалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп; «Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облыстық маслихатының шешім жобасы; «Түркістан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Түркістан облысы бойынша жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы №53/548-VII «Түркістан облысы елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы» және 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/13-VII «Түркістан облысы елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы; «Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 133 «Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы; «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы» 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы секілді бас-аяғы маңызды 12 мәселе қаралып, тиісті басқарма басшылары баяндама жасады.
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараевтың облыстағы дене шынықтыру және спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Бұл ретте Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тиісті сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізіп, алдағы жұмыс барысында пікірлерді назарға алу қажеттігін айтты.
Тұтастай алғанда, Қоғамдық кеңес мүшелері барлық мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.
Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК,
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
«Түркістан облыстық Журналистер одағы»
қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы.