Түркістан облысы: Елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі Қазығұрт ауданында жайқалып тұр

Елімізде сирек кездесетін альстремерия гүлі Қазығұрт ауданының Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген.

– Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді, – дейді Ж. Ырысова.

Бұл кәсіппен ол 6 жылдан бері айналысып келеді. Мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі — осы «альстремерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.

Нақтылай кетейік, альстремерия (лат. Botsc) – Alstroemeriaceae тұқымдасына жататын өсімдіктер туысы. Әдемі гүлдері бар, көбінесе гүл шоғырларынан көруге болады. Гүлі ақ, сары, қызыл, күлгін, сия көк түсті, беттерінде дақтары бар. 3 жалпақ, 3 жіңішке күлтеден тұрады. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлінің орналасуы лала, орхидеянікіне қатты ұқсайды. Сондықтан бақшаның ең көрнекті жерлеріне егеді. Көшетін еккеннен кейінгі келер жылы гүлдейді. Өсімдіктің жақсы гүлдеуі тікелей отырғызылуына байланысты. Түйнектамыры майысып не қисайып қалмайтындай етіп, кең шұңқыр қазып, тігінен отырғызады. Бойының биіктігі — 60-90 сантиметр. Күн ашық түсетін, жел өтінен ық жерге отырғызу керек. Топырағы жеңіл болғаны дұрыс. Түбін 4-5 жылда бір рет бөлу арқылы көбейтеді. Күзде жапырақ шіріндісімен не топырақпен түбін жауып, суықтан қорғайды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.