Түркістан облысы: «Жасыл белдеу» аумағы ұлғайып келеді

Түркістан іргесінен 42 000 гектар жерге «Жасыл белдеу» орманды алқабын құру жоспарланған. Жыл сайын мұнда миллиондаған ағаш көшеті отырғызылады. Өсіп жатқан ағаштардың дені – көпжылдық және қылқан жапырақты. Бүгінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мемкемесінің орман қоры 28 мың гектардан асады. Алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Сауран және Отырар аудандарында орман қоры жерлерін ұлғайту жұмыстары жалғасады.

Биылғы күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басым жұмыстар Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізілмек. Бұл жерге толықтыру жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Жаңадан көшет отырғызу жұмыстары Шәуілдір бағытындағы №5 орманшылықта 110 гектар және №1 орманшылықта 42 гектар жерге жүргізіледі. Отырғызуға қажетті көшеттер Түркістан қаласының аумағына жерсінген мекеменің тұқымбағындағы көшеттер пайдаланылады.

Сонымен қатар өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемеде 120 гектар жерге заманауи орман тұқымбағын құру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, оның 47 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Атап айтсақ, онда ағаштардың қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар.

Көгалдандыру мәселесінде Түркістан облысында тұрақты жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының да септігі зор. Жауаптылардың айтуынша, келесі жылы да облыс көлемінде тазалық, абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы саладағы мәселелер талқыланды. Маңызды жиында өңір басшысы тазалық пен абаттандыру шараларын тек сенбілікпен шектемей, осы бағыттағы жұмыстарды ширата түсуді тапсырды.

– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын келесі жылы да жалғастырып, апта сайын пысықтап отырамыз. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Тұрғындар арасында да түсіндіру, экологиялық сауаттылықты көтеру жұмыстарын тоқтатпау керек. Әсіресе, облыс орталығы – Түркістан өзгелерге үлгі болуы тиіс. Бұл ретте полицияның да белсенділігі талап етіледі. Индустриалды аймақтарды тазалап, көгалдандыруды тапсырғанмын. Инвесторлар тарту үшін тазалық маңызды. Жұмысты ширатыңыздар. Күзгі ағаш егу науқанын сапалы атқару да маңызды. Осы аймаққа жерсінетін, өсетін ағаштар отырғызылуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбеков аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру және тазалығына жүргізілген мониторинг нәтижесі туралы баяндады.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда аудан, қалаларда жалпы 732 ауқымды сенбілік өткізілді. Аудан мен қалаларға кіреберіс аумақтарын реттеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ келесі жылға бағдарлама аясында барлық мемлекеттік және жеке секторды қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара тек сенбілікпен шектелмей, бағдарламаны жаңа үлгіде өткізу бойынша Жол картасы әзірленуде.

«Телеграмм бот» платформасында бүгінгі таңда, 546 өтінім түскен. Оның ішінде: 529 өтінім орындалған, 1 өтінім орындалу барысында, 16 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен Түркістан қаласындағы индустриалды аймақты секторларға бөліп, ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға 60 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сондай-ақ бұл аймақта сенбі күні бекітілген басқармалар бірлесіп, жүмыс істеді. 880 ағаш отырғызылды және 2 шақырым жол бойы тазаланып, 1 шақырымнан астам жол жиегі әктелді. Бұл сенбілікке 9 басқарма немесе 315 мемлекеттік қызметшілер атсалысты.

Биыл қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 113 мыңнан астам хаттама толтырылып 305,7 миллион теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ абаттандыру қағидасына сәйкес іргелес жатқан аумақтың тазалығы бойынша 60 902 жеке тұрғын үй мен 29 954 кәсіпкерлік нысанына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1 381 ескерту және 647 айыппұл салынған. Қағиданың сапалы орындау бағытындағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасының өтуі тұрақты қадағалануда.

Жиында облыс әкімі тарапынан аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына тазалық, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Әр кәсіпкер өндіріс орнының айналасын қоршап, тал егу керек. Кәсіпорындардың жұмысын пысықтаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өнеркәсіптік аймақтарын көгалдандырудың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге зауыт маңын реттеуді міндеттеді. Кәсіпкерлерді өндірісті кеңейтіп, терең өңдеуге көшудің маңыздылығын түсіндірді.

Сауран ауданының Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекеніндегі ЖШС «EURO BETON» бетон зауыты бетон бұйымдарының барлық түрлерін шығарады. Төрт жыл бұрын іргетасы қаланған зауыт 2,5 гектар жерде орналасқан. Отандық өнімның бағасы қолжетімді. Сұраныс та жоғары. Зауытта 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

Сауран ауданы облыс әкімінің жіті бақылауымен өндіріс аймағына айналуда. 2030 жылға дейін ауданда 53,1 миллиард теңгенің 85 жобасын іске асыруды жоспарланған. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын өндіру, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын шығару, жиһаз, пластмасса бұйымдар өндіру, құрылысқа қажетті материалдарын шығаратын зауыт, фабрикалар жұмыс бастайды. 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, кіріс артпақ. Өндіріс алаңдары құрылады.

Естеріңізде болса, Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» қалыптастыру ісі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы бастау алған болатын. Облыс әкімінің тұрақты бақылауының нәтижесінде бүгінге дейін 28 335 гектар жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылып, 17 019 гектар жерге ағаш көшеттері отырғызылды.

«Жасыл белдеуде» күзгі ағаш отырғызу барысын түнеугүні облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аралап тексерді. Қазіргі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылуда. Мұнда 252 гектар жер толықтай тамшылатып суғару жүйесіне қосылған.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің мәлімдеуінше, топырақ құнарын арттыру үшін минералды және органикалық тыңайтқыштар қолданылып, ағаштардың өсіуіне және жерсінуін арттыруға жағдай жасалған.

Жұмыстың баяу атқарылып жатқанын сынға алған Нұрбол Тұрашбеков «Көшеттердің тек саны мен сапасына ғана емес, оның егілуіне де мән беру керек. Тереңдігі, тамырының орналасуы, барлығы бақылауда болуы тиіс. Қадап кеткен ағаш қармана береді деген ойдан арылыңыздар. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін көтеруге күш салу қажет», дей келе жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Жуырда Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте де «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы облыстың елді мекендерін көгалдандыру, күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егер де суғару жүйелері жоқ болса, онда ағаш отырғызудың қажеті жоқ. Тұрақты суғарып, күтім жасау керек. Егілген ағаштар жерсіне ме жоқ па соны да қадағалап, осы іспен айналысыңыздар. Бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді. Оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп ұсынылсын. Сондай-ақ «Жасыл белдеуді» ұлғайту мен көгалдандыру жұмыстары күшейтілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында республика бойынша елді мекендерде 15 миллион көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты «Түркістан облысының елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 2024 жылдың көктем айларында 491 106 түп көшет егілді. Биылғы жылдың күз айында 467,5 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінгі таңға 438 970 түп көшет босатылды.

Орман шаруашылығы мекемелерімен 2024 жылдың күзі мен 2025 жылдың көктеміне жоспарланған көшеттерді босатуға толықтай мүмкіндік бар. Көшеттерді тарқату бағытында жұмыстар жалғасуда.

Жалпы Түркістан қаласының айналысынан, қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30 000 гектар жерге мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылуда. Биылғы күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басым жұмыстар Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізілмек. Бұл жерге толықтыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Оған мекеменің тұқымбағындағы Түркістан қаласы аумағына жерсінген көшеттер пайдаланылады. Сонымен қатар басқармаға қарасты мекемеде 120 гектар жерге заманауи орман тұқымбағын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 47 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өндірілуде. Атап айтсақ, онда ағаштардың қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар. Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуге және қаланы көгалдандыруға бір жылда 2,5 миллион түп әртүрлі ағаш-бұта көшеттері мен 150 мың түп бір және көпжылдық гүл көшеттері қажет. Осы орайда, жаңадан құрылып жатқан тұқымбақтың 120 гектар жерін «Жасыл аймақ» КММ-нің теңгеріміне алу үшін Сауран ауданы әкімдігінен жерді заңдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта орман тұқымбағының 120 гектар жер көлемі ұлғайып, толық игерілген жағдайда, жылына 14,3 миллион түп көшет өсіріледі деп күтіліп отыр.

Орайы келгенде айта өтейік, Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеу» аумағынан бес орманшылар үйі салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін үш орманшылар үйі салынған болатын.

Аталған орманшылар үйлерінің құрылысы биыл басталды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Алдағы уақытта жұмысшылар есік терезесін салып, ішкі-әрлеу жұмыстарына кіріседі.

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, 5 үйдің құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп күтіліп отыр.

Жалпы, Мемлекет басшысының 15 миллион көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Осыған орай, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген болатын. Бүгінде аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекеннің шамамен 90 пайызын көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу жоспарланып отыр.

Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жоспарына сәйкес, 2022-2024 жылдар аралығында 1 миллион 832 мың түп көшет отырғызылды. Оның ішінде, Түркістан қаласына 512 мың түп көшет отырғызуға берілген болатын. Бүгінгі күнге жоспар 46 пайызға орындалды.

Биыл күзгі көшет отырғызу науқаны аудан, қалалардың ауа райына қарай қараша айынан басталды. Аудан, қалалардың сұраныстарына сәйкес, 516 мың түп көшет отырғызылды. Көгалдандыруға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында өсіріліп жатқан 26 түрлі көшет түрі қолданылды. Аталған көшет түрлерінің барлығы облыстың климаттық жағдайына бейімделген.

Сонымен қатар облыс әкімінің елді мекендерге гүлді өсімдіктерді көптеп отырғызу тапсырмасына сәйкес, елді мекендерге биыл 50 мың түп, 2025 жылы 150 мың түп раушан гүлдері мен қылқан жапырақты көшеттер егу жоспарланып отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin