Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы Асықата кентінің көшелеріне арық-атыздар салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатындағы Жетісай ауданы әкімінің бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі Асықата кентінен бастау алды.

Аталмыш басқосуға аудан әкімімен қатар аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Марат Қадырқұлов, барлық бөлім басшылары мен аудандық мәлихат депутаттары Әлихан Утанов пен Олжас Қаныбеков, кент тұрғындары қатысты.

Кездесуде аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысын баяндап, алдағы атқарылар істердің жоспарларын таныстырумен басталып, бұған дейінгі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуы барысын таныстырды.

Өткен кездесуде Асықата тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздік» саябағын абаттандыру бойынша қазіргі таңда қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілсе, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы тозығы жеткен асфальттарды жөндеу және балалардың спорт-ойын алаңшаларын салу үшін тиісті бөлімге ұсынылған.

Сондай-ақ, кент көшелерін жарықтандыру және аса қажет деп танылған 6 жерге бейне бақылау камераларын орнату, Ы.Алтынсарин, Т.Досымов және Жамбыл көшелеріне арық-атыздар салу бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Атқарылған және атқарылар істердің жоспарлары бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірген тұрғындардың сұрақтарына жауап берген аудан әкімі кездесу соңында азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесу мен жеке қабылдау барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныс-пікірлер, өтініштер хаттамаға енгізілді. Тиісті жауаптар берілді. Зерделеуді қажет ететін кейбір мәселелер бойынша белгіленген мерзім ішінде жауаптар берілетінін айтты.

Сонымен қатар бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Абай ауылдық округінде өтті. Атқарылған жұмыстар талқыланып, атқарылуы тиіс мәселелердің жоспары түзілді.

Өткен кездесуде Абай ауылдық округінің тұрғындары тарапынан көтерілген 10 мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтар болсақ, округке қарасты Атажұрт елді мекенінен мәдениет үйі мен спорт алаңшасын салуға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 9,6 миллион теңге бөлінсе, Жүзім, Алтын кемер, Халықтар достығы, Отан және Бейбітшілік елді мекендеріне электр желілерін жүргізу, КТП орнату құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 8 миллион теңге бөлінген.

Отан, Бейбітшілік, Атажұрт елді мекендеріне газ өткізгішінің құрылысына 197,7 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлініп, қазіргі таңда Отан елді мекенінің құрылысы аяқталып газ беруге дайын. Бейбітшілік және Атажұрт елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

Жүзімдік елді мекеніндегі Бекхожин көшесін, Халықтар достығы елді мекеніндегі Жоба, Торайғыров көшелерін, Бейбітшілік елді мекеніндегі Қонаев көшесін орта жөндеуден өткізу үшін 60,9 миллион, Отан елді мекеніндегі Мирзадинов көшесіне аяқжол салу жұмыстарына 20,8 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіндік үлесі бар Абай ауылдық округінің потенциалын тиімді пайдалана отырып инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтің әлеуетін арттыру бойынша еркін форматта пікір алмасқан аудан басшысы кездесуден соң округ тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You