Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы «Жанасыл» ЖШС арнайы тұқым зауытын салуға ниетті

Негізгі күн көрісі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы аграрлы секторға тікелей байланысты Жетісай ауданының шаруа-диқандары үшін күн көзінің әрбір сәтін тиімді пайдалану, егілетін мақта дақылының тұқымдық шитінің сапалы болуы аса маңызды. Ерте көктемнен басталатын еңбек еш кетпеуі үшін жиын-терім науқанындағы өнім бағасының жоғары болуы, қырманның берекелі болуы да — көптің тілеуі.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Жанасыл» ЖШС директоры Абылай Тыныбаевты қабылдап, тұқымдық шит дайындау мәселелерін сөйлесті. Абылай Жамбылұлы аудандағы шаруаларды тұқымдық шитпен қамту мақсатында арнайы тұқым зауытын салуға ниетті екенін, жылына 7,5 мың тонна тұқым дайындай алатынын айтты. Кәсіпкердің өз қаржысы есебінен іске асырылатын жалпы құны 4,5 миллиард теңге болатын жоба келесі жылы іске асса, 85 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Екі жақты ұсыныстар мен әріптестіктің шарттары талқыланып, кәсіпкерге Жетісай қаласының, Асықата кентінің және Қазыбек би ауылдық округінің аумақтарынан жер ұсынылды.

Айта кетейік, 7 мақта зауыты мен 80-ге жуық мақта қабылдау пункті жұмыс істеп тұрған ауданның диқандарына жылына 1,5 мың тонна тұқымдық шит қажет. Бүгінде «Бахытжан» және «Кетебай» өндірістік кооперативтерімен қатар «Мақталы жер» ЖШС «Мақтарал 4011», «Мақтарал 5027» сорттарын дайындап беруде.

Одан бөлек, аудан диқандары Өзбекстан, Түрік, Қытай елдерінен әкелінген тұқымдық шиттерді де егістікке пайдаланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin