Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы жәрмеңкеде агроқұрылым иелері 16 тонна өнімдерін сатты

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында кезекті жәрмеңке өтті.

Жетісай қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 16 тоннаға жуық қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз, сүт және балық сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұтынушыларға сатылды.

Бұған дейін де аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген жәрмеңкелерде әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin