Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы кәсіби бағдарға жауапты мамандар Алматы қаласындағы конференцияға қатысып келді

Таяуда Алматы қаласындағы «SDU University» мекемесінің «SDU Extension School» орталығының кәсіптік бағдар берушілерге (профориентолог) арналған «Профориентация: болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында конференциясы өтті.

Мамандық таңдау, грантқа түсу жолдарын көрсетіп, құнды ақпарат ұсынған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінің ең мықты профориентолог мамандары қатысты. Конференцияда әр оқушының ерекшелігін ескере отырып бағыт бағдар беру, дайындық барысында кездесетін өзекті мәселелер мен қазақстандық және шетелдік оқу орындарына грантқа түсудің тиімді жолдары және жалпы білім беретін мекемелердегі кәсіптік бағдардың жұмыс жүргізілуі талқыланды.

Конференция спикерлері – Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған, өз саласында тәжірибесі мол білікті мамандар.

Атап айтсақ, Руслан Емелбаев — Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, Омарбек Көшкімбайұлы – «SDU Extension School» директоры, педагог-профориентолог, Ильяс Садвакасов — «Білім-инновация» қорының бас профориентолог – әдіскері, Айдос Жұманазар – Eduser, UBT battle, Lalabooks негізін қалаушы, педагог – профориентолог, Бабур Адильхан — Gallup CS34 әдістемесінің сарапшысы, TANU.AI негізін қалаушы білікті де, білімді мамандар тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық конференцияда жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдар мамандарының алдағы жұмыс атқаруларына бағыт, жас түлектердің мамандық таңдауында көмек беріп, келешек ұрпақтардың білімді маман болып шығуына жол көрсетті.

Конференция барысында «OYAN GROUP» ЖШС директоры Жұманазар Айдос Әділбекұлымен ұжымдық меморондум жасалынды. Аталған іс-шараға Жетісай ауданындағы кәсіби бағдар әдіскері Улжан Бақытқызы және аудандағы жалпы білім беретін мектептердің кәсіби бағдар мамандары қатысып келді.

Мектеп оқушыларына мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды іс. Таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасады. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие.

Кәсіби бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.    

Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды іс. Себебі мамандық таңдау арқылы өз тағдырыңды таңдайсың. Ең бастысы, өзгеге еліктемей, өз жүрек қалауыңмен таңдау. Бұл – үлкен жауапты іс.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы   жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау. 

Мектепте  білім беру кеңістігіне  бағытталған білім  берудің  негізгі  мақсаты білімді  меңгеріп  қана  қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда.   Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан   мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының   бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.  Жалпы білімнің  басты үш міндеті бар, олар: баланың  өзіндік  жалпы  дамуын, жан-жақты   дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ  белгілі  бір кәсіпке даярлау. Осы үш  міндеттің  ішінде  қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті  мәселеге айналып  отырғаны  дәлелденді. Қазіргі  кезеңде жалпы  білімнің міндеті – баланың  жалпылама дамуын қамтамасыз  ету ғана  емес, ең бастысы  оларды   жастай  өз қабілеттері мен қызығушылығына қарай  белгілі  бір  мамандыққа   арнайы  бағыттау. Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және қызығушылықтарына,   жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындау.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға   дайындауға бағытталған іс. Кәсіби бағдар беру арқылы   оқушыларды мамандықтар әлемінде   олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы   қасиеттері мен ұштастыру. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа   әкеліп соқтырады. Мамандық  таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын   жек көріп,   жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

— оқушыларды көпшілік  мамандықтар   туралы  түсінікпен  қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы  мен  бейімділігін,  қабілеттілігін  қалыптастыру  және дамыту  мақсатында оқушылардың  дара  ерекшеліктерін  зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық   таңдауға  көмектесу;

— оқушыларды белгілі  мамандықтың  түрін  меңгеруге  бейімдеу.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары қайтадан жандана бастады.  Біз жоғарыда атап өтілген кезеңдерді талдай отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызын үлкен сұранысқа ие деп білеміз.

Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген ұстанымды әрбір мектеп түлектері жадынан шығармауы тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман еліміздің дамуына үлес қосатынын ұмытпаған абзал.

Кәсіптік бағдар беру — жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесуге бағытталған шаралар жүйесі.

Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Қазіргі таңда кәсіби бағдар беру мәселесі бірінші кезекте тұр, сондықтан оқу орнымыз қызметкерлері – кәсіби бағдар берушілер, оқытушылар білім беру мекемелерін аралап мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсетіп келуде.

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы тандап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

— оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;

— түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;

— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.

Қазіргі таңда оқушыларға кәсіптік бағдар берудің маңызы жоғары. Бұл тек баланың керекті маман иесі болуына ғана емес, еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың алғышарты саналады. Оның үстіне саладағы тенденция күн сайын өзгерген шақта аталған қадамды мектептен бастау орынды-ақ. Ол үшін әр баланың бейімін байқап, білігін танып, қызығушылығын қарау керек. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қыры сыналар тұсы да осы екені анық.

Сөзсіз, мамандық таңдау адам өміріндегі шешуші сәттің бірі. Болашақ табыс көлемі, өмір салты, қоғамдық пікірінің қалыптасуына оқыған мамандығы мен кәсіби қызметі тікелей әсер ететіні бар. Егер оқушы өзінің икемі мен қызығушылығынан тыс мамандық таңдаса, ересек өмірге қадам басқан шақта жұмысқа құлшынысы төмендеп, көпжылдық тұрмысқа арналған жоспарлар құруға ынтасы болмайды. Бүгінде мұғалімдердің кәсіби бағдар беруге талпынысы осындай олқылықтың алдын алауға жасалған әрекет екені анық. 

Жалпы кәсіби бағдар беру қалай жүзеге асады? Ол үшін педагог алдын ала бекітілген әдістемелерді қаперге алады. Яғни, белгіленген теория мен әдістеме аясында баланың көзқарасы, пәндік қызығушылығы, интеллектуалды бағдары, физикалық әлеуеті де назарға алынуы шарт. 

Кәсіптік ақпарат арқылы бала әлемде бар мамандықтар туралы мәліметке қанығып, олардың адамзат өміріндегі маңызын түсінеді. Сондай-ақ өзі қызыққан мамандықты игеру үшін нендей талап керегін де біле алады. Әрине, әлемде сан алуан мамандық болғандықтан олардың бәрін қамту әрі толыққанды ақпарат беру уақыт аларлық жұмыс. Дегенмен сала мамандары базалық әрі заманауи мамандықтар туралы көп айтуға тырысады. Сол арқылы экономикалық тұрғыда тиімді жәні қоғамға пайдалы мамандықтың таңдауына жағдай туғызады. 

Айта кетерлігі, кәсіптік бағдар беру шарасын оқу жылының басында қолға алған жөн. Әсіресе, 9-11-ші сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту маңызды. Оны оқу бағдарламаларына енгізу арқылы жоспар түзіліп, жыл бойы атқарылар қадамдар нақтыланса, нәтижеге жету жеңілдейді. Оған қоса болашақ мектеп түлектеріне оқу орнына түсер кезде таптырмас көмек болары анық. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin