Түркістан облысы: Жетісай ауданында ауыз сумен қамтылған ауылдар саны артады

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, оның ішінде ауыз су мәселесін жеделдете шешуді тапсырған болатын. Өңірде осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

Қала, кент, ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің 105-і орталықтандырылғын ауыз су жүйесімен қамтылған. Оларда 83 дана ауыз су ұңғысы мен 85 дана су мұнарасы, 24 су сақтағыш пен санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай жұмыс істеп тұр. Бір елді мекенде ауыз су құбыры жоқ.

Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылы – 272 млн. 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн. 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 610 млн. 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Дархан, Тың, Алтынсарин, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жазықсай, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн. 652 мың теңге, «Мембарана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн. 670 мың теңге бөлінген. Бұл жұмыстар Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бақылауында.

Атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына қарай аудандағы орталықтандырылған су құбырымен қамтылған елді мекендердің санын 105-ке жетізу жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.