Түркістан облысы: Жетісай ауданында ауыл шаруашылығын қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілуде

Елді мекендердегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыру, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс шаруашылығын дамыту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылған ақпараттық топтың құрамына «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Жетісай аудандық бөлімі, «Ырыс» МҚҰ Жетісай ауданы бөлімі, «Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыпен қамту орталығы», Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасы Жетісай аудандық филиалы мен дербес бөлімдердің мамандары кірген.

Кездесулер барысында ісін жаңадан бастауға ниет білдірген жастарға және кәсіптерін дамытуға дайын кәсіпкерлерге 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба төңірегіндегі «Бастау бизнес» жобасы, төмен пайыздық несиелендіру, қайтарымсыз грант, «Қарапайым заттар экономикасы», «Ауыл аманаты» жобалары, жастарды несиелеу бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай және қаржылай емес құралдарын кеңінен таныстырылуда.

Сондай-ақ, басқосуда Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазастан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді.

Аграрлық несие корпорация арқылы жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттері жүзеге асырылатындығы айтылды.

Аудан әкімі Серік Үсенұлының тапсырмасына сәйкес құрылған ақпараттық топ мүшелері мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау тетіктерін түсіндіру, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу бойынша кездесулерді аудан аумағындағы барлық елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес өткізетін болады.

Атап өтерлігі, Мемлекет Басшысысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Бітұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдікпен шағын несие беру ережесін бекітті.

Президент тапсырмасына орай 2023 жылғы наурыз айында жаңадан кәсіп бастағысы келетін не бар кәсібін кеңейтуге ниетті жстарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Биыл бұл бағдарлама аясында 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында микрокредит ала алады.  Дегенмен, бизнес жобалар өзекті, экономикалық негіздемесі бар, аргументті, қоғамдық маңыздылығы жоғары, бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы, бизнес жобалардың өміршеңдігі критерилеріне іріктелуі тиіс.

Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биылдан бастап берілетін шағын несиені 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.

Өтініш берген сәтте үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмысшы жастар да қатыса алады.

Несиелеу шарттары:
• Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
• Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
• Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
• Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл беруші ретінде ата-аналарын, туыстарын және т.б. тартуға болады.

Өтінім беруге құжаттар “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ филиалында қабылдануда.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. жеке басын куәландыратын құжат;
2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
3. қызмет көрсететін банк шотын растайтын анықтамалар;
4. қаржы ұйымдарынан (несие болған жағдайда) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешек туралы анықтамалар;
5. қатысушының/үміткердің жалақысын және өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды. Комиссия мүшелігіне мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, БАҚ өкілдері кіреді.

Үміткерлер бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық тұрғыдан негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең болуы шарт.

Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану мақсатында Түркістан облысында жергілікті жерлердегі NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Жүйелі жұмыстар мен тиянақты ақпараттық түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өз кәсібін бастауға ниеттілер қатары артып келеді.

Тарқата айтсақ, бүгінде облыс бойынша жалпы 204 жас бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытқан. Оның ішінде Түркістан қаласы – 7, Арыс қаласы – 9, Кентау қаласы – 3, Бәйдібек ауданы – 6, Жетісай ауданы – 2, Қазығұрт ауданы – 46, Мақтаарал ауданы – 3, Отырар ауданы – 15, Ордабасы ауданы – 24, Сайрам ауданы – 15, Сарыағаш ауданы – 26, Сауран ауданы – 9, Төлеби ауданы – 14, Түлкібас ауданы – 14, Шардара ауданы бойынша — 11 үміткерден өтінім келіп түскен. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр.

Жуырда 2,5 пайыздық несиені алуға ниет білдірген талапкерлердің бизнес-жоспарымен танысу мақсатында комиссия отырысы өткізілді. Оған өңір бойынша 25 жоба ұсынылып, оның 23-і комиссия қарауынан өткен.

Ерекше атап өтерлігі, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша барлық аудан, қала, ауылдар мен елдімекендерде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арнайы насихаттық топ құрып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Осы жұмыстар аясында бүгінге дейін өңірдегі 38 қала, 229 ауыл, 214 ауылдық округ, 301 елдімекен, 22 кент, 32 базар және сауда орындары, 12 кәсіпкерлік орын қамтылды. Нәтижесінде орталық мамандары тарапынан облыс бойынша 18 мыңнан астам NEET санатындағы жастарға жеке тұрғын үй мекенжайлары бойынша кеңестер берілді.

Еске сала кетсек, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 жылға дейін беріледі.

Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды.

ҚР Қаржы және Еңбек министрліктерімен үш жақты келісім шарт жасалып, «Аграрлық несие корпорациясымен» сенім білдірілген агент ретінде танылды. Сонымен қатар, облыстық комиссия құрамы нақтыланып, облыс әкімінің шешімімен бекітілген болатын. 2023 жылдың 2 мамырындағы жағдай бойынша Түркістан өңірінің түпкір-түкпірінен 81 жастың құжаты қабылданып, комиссия қарауына тапсырылған.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында комиссия отырысы өткізіліп, шағын несие алуға үміткер 25 жастың бизнес-жобалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша хаттама түзілуде. Сондай-ақ биыл Түркістан облысында 600-ге тарта жас кәсіпкерге 2,5 пайыздық несие берілді.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов айтты.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылған. Бұл орайда, жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріле бастады. Биыл бұл бағдарлама аясында еліміз бойынша 5,8 мың жас 5 млн теңге сомасында шағын несие ала алады. Ал Түркістан облысы бойынша 594 жасқа жеңілдетілген шағын несие беру мақсатында 2,9 млрд теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 155 жоба қабылданып, 25 жоба арнайы комиссияның қарауына өтті. Несиелер «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы беріледі. Онда үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады. Өтінім бергендердің дені мал бағу мақсатын көздеп отыр. Осы орайда айтарым, облыстың ерекшелігін ескере отырып, тың әрі инновациялық жобалардың ұсынылғаны абзал. Оның ішінде сұранысы жоғары салалар қамтылғаны құба-құп болар еді. Еңбекке, кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарымызды әрқашан қолдаймыз, — деді Тұрар Керімұлы.

Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Азат Муйтембаевтың айтуынша, несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін, көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 жылға дейін беріледі.

– Несие алушылардың жасы 21-ден 35-ке дейін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды. Бұл ретте, қолынан іс келетін жаңа толқын мүмкіндіктен шет қалмауы тиіс, — деді Азат Мақсұтұлы.

Айта кетейік, жоба шеңберінде кепілдік қою – басты талаптардың бірі. Үміткерлерде кепіл болмаса, үшінші тарап кепілгер бола алады. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техника қабылданады. Үміткер үйленген не тұрмыста болса, жұбайының нотариалды рұқсаты керек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.