Түркістан облысы: Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы атқарылар жоспарлар талқыланды

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, барлық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, құрылыс нысандарының сапасы мен саны, ауыл шаруашылығы саласы мен мүлік және жер, көлік салықтары бойынша жоспарлы жұмыстардың орындалуы сөз болып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жыл қорытындысы бойынша орындалмау қаупі бар кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, білім салалары бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы атқарылар жоспарлар талқыланды.

Жиын соңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан активімен кездесуі барысында көтерілген сын-ескертпелердің орындалуы, әсіресе, инвестиция тарту, мал басы санын арттыру мен өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістердің көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу және әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, электр, ауыз су және жол жөндеу мәселелері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берген аудан басшысы аталмыш бағыттар бойынша бірінші жарты жылдықтың қорытындысымен қайта талқыланатынын айтты. Тиісті тапсырмаларды орындай алмаған және индикаторлық көрсеткіштердің үдесінен шыға алмаған басшыларға шара көрілетін болады.

Ауыл шаруашылығы демекші, Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты, ұлттық ойындарды насихаттаумен қатар несібесін адал еңбектен тауып, жер емген шаруа-диқандардың маңдай терімен өндірілген өнімдері жәрмеңкеге қойылған болатын.

Аталмыш жәрмеңкеге жетісайлық шаруалар тарапынан түркістандықтар мен қала қонақтарына қауын, қарбыз, қырыққабат, болгар бұрышы мен қияр, қызанақ, өрік пен шие, алма мен шабдалы, баклажан секілді бау-бақшаның 20-ға тарта түрінен 5 тонна өнім ұсынылған. Жәрмеңке соңында келушілерге ауыл шаруашылығы өнімдері түгелдей тегін таратылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.