Түркістан облысы: Жетісай ауданында бақша өнімдерін қайта өңдеу цехын іске қосу көзделіп отыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданына инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі, қарқынды жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде.

Биыл жыл соңына дейін ауданға жалпы 40,8 миллиард теңгеге инвестиция тарту жоспарланса, биылғы бірінші тоқсанда 4148,9 миллион теңгені құраған негізгі капиталға бағытталған инвестицияның 3866,1 миллион теңгесі бюджеттік емес инвестициялар болып табылады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 есе, ал жоспардан 5,4 есе артық орындалып отыр.

Жыл соңына дейін ауданда жалпы соммасы 8,2 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асырып, 625 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, оның 6,6 миллиард теңгесі білім, денсаулық, спорт, туризм секілді қызмет көрсету саласындағы 23 жобаға, 1,5 миллиард теңгесі өндірістік санаттағы 5 жобаға бағытталатын болады.

Нақтырақ айтар болсақ, Жетісай қаласында жылына 500 мың жұп аяқкиім шығаратын «Ұлықбек» аяқкиім цехы жобасының құрылысы жүргізіліп жатса, құны 350 миллион теңгені құрайтын «Тоқыма емес мата өндірісі» цехының құрал-жабдықтары орнатылуда. Жоба аясында жылына 1,8 миллион тоқыма емес мата өндіру көзделуде.

Сонымен қатар, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде іске қосылуы жоспарланған 300 миллион теңгелік «Бетон зауыты» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылған соң сағатына 100 текше метр бетон өндіріледі.

Аудан кәсіпкерлерінің жеке инвестициялық салымдары есебінен Мақталы ауылдық округінен құны 100 миллион теңгені құрайтын «Мақталы Жер» ЖШС-нің «Бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы» жобасы, Ж.Ералиев ауылдық округінде «Тұран Мақта» ЖШС-нің 300 миллион теңге болатын 10 мың тонналық «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасы іске асырылатын болады.

— Ауданға инвестиция салуға ниетті кез-келген кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан барынша қолдау көрсетуге, жан-жақты сүйемелдеуге, кәсіпорын салушы азаматтарды қажетті инфрақұрылымдармен толықтай қамтамасыз етуге мүдделіміз, — дейді Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов.

Айта кетейік, өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 15053,9 миллион теңгеге жеткен. Оның 8771,6 миллион теңгесі бюджет есебінен болса, 6133,3 миллион теңгесі жеке қаражат есебінен тартылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

587 Comments

  1. Please let me know if you’re looking for a article author
    for your blog. You have some really great
    articles and I think I would be a good asset. If you ever want to take some of the load
    off, I’d love to write some content for your blog
    in exchange for a link back to mine. Please shoot me an email if interested.

    Cheers!

  2. An intriguing discussion is worth comment. There’s no doubt that that
    you should publish more on this issue, it may not be
    a taboo subject but typically folks don’t
    speak about such issues. To the next! Cheers!!

  3. “There’s something truly magical witnessing community spaces come alive filled with creativity revolving around shared interests surrounding passions fueled through excitement generated whenever gathering together adventuring exploring possibilities weed dispensary

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.