Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің көлемі 351,6 гектарды құрап, жер иелеріне Түркістан облысының жер ресурстарының басқару департаменті тарапынан тексеру тағайындау хабарламалары берілген. Соның нәтижесінде, 5 азамат 18,2 гектар жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарса, 7 тұлға 65,7 гектар жерді қайта игеруге кіріскен. 20,1 гектар жер телімі иесіз мүлік ретінде тіркелген. Бүгінде 41 жер пайдаланушыларға тиесілі жалпы ауданы 247,5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Одан бөлек, аудандағы қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою бойынша анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары толық алынбаған. Яғни дұрыс емес және өз мақсатына сай пайдаланылмаған нысандар анықталып, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына және Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолдау бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.