Түркістан облысы: Жетісай ауданында тоқыма фабрикасы салынады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов мәлім етті.

Оның сөзінше, биыл 9 айда ауданның негізгі капиталына 16,6 миллиард теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 миллиард теңгеге жеткен.

– Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриалды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін арнайы жер белгіленді. Қазіргі таңда тиісті құжаттары рәсімделуде. Бұдан бөлек, өзбекстандық инвестормен бірлесіп тоқыма фабрикасын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта Асық ата кентінен 5 гектар жер бөлініп, бірлескен «TST GROUP» компаниясы құрылды. Инвесторға өнеркәсіпті даму қоры арқылы 7,6 миллиард теңге жеңілдетілген несие беру қарастырылуда. Сонымен қатар, ресейлік инвестормен бірге жоңышқа грануласын өндіру және өзбекстандық инвестормен бірлесе жібек жібі мен қант өндірістерін құру жобалары бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін қосымша 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, — деді Серік Үсенұлы.

Сонымен қатар, ауданда ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 69,2 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ, 321 шаруа қожалығының иелері 1 236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Одан бөлек, ауданда мақта жинау науқаны жүргізілу үстінде. Бүгінгі күнге 117 мың тонна өнім жиналған.

Агросектор демекші, Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен өткізілген өткен сенбідегі жәрмеңкеге ауданның барлық округтерінен 30-ға жуық тауар өндіруші ұсынған 20 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдерінің 16 тоннасы базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатты.

Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз жәнеде сүт өнімдері мен бал өнімдері сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері жеткізілген.

Бұған дейін де аудан әкімдігінің қолдауымен Жетісай қаласында өткен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкелерінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.

Аудан басшысы алдағы уақытта әр аптада осындай жеңілдетілген бағада тұрғындарға арналған жәрмеңке өткізуді тиісті сала басшыларына тапсырды.

Инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 2 газ таратушы станция құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданды газбен қамту көрсеткіші 60%-ға жетпек. Сонымен қатар, 2023 жылы аудан бойынша жалпы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ды құрап отыр.

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында ауданда биыл 9 айда 10 327 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» тапсырмасы аясында 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin