«Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік желідегі парақшасына Жетісай ауданы, Жылысу ауылының тұрғыны Абдуллаев Нұрсұлтаннан түскен арыз бойынша төмендегідей мәлімдейміз» — деп басталатын хатта Жетісай ауданы әкімдігінің жауапты мамандары қажетті мәліметтерді жан-жақты келтіреді.
«Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округі, Жылы су елді мекенінің тұрғыны Абдуллаев Нұрсұлтанның видео жазбасына сәйкес, аталған азамат Мырзашоқы елді мекенінде орналасқан Аудандық «Қазсушар» ТФ РМК өндірістік бөлімімен үлгілік шарт түзіліп, ағын су жеткізіп беруші ретінде танылған «Нұр-Молшылық» АӨК-не қарасты егістік жерге 2023 жылдың өніміне 4,00 га қарбыз дақылын еккен, осыған дейін 1 рет суғарған, қазіргі таңда ағын су тапшылығына байланысты, АӨК-те шаруалар арасында кезек арқылы суғару қалыптасқан, кезегі келген уақытта ағын су босатылатынын хабарлаймыз.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қысқы сор шаю және көктемгі вегетация жұмыстарын жүргізу үшін ағын суға сұранысы 57 м3/сек болса, «Достық» магистралды каналы арқылы небәрі 20 м3/с ағын су келуде.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ағын су жеткізу мақсатында Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен қосымша ағын су алу үшін су сорғыштар іске қосылып, қосымша 11 м3/с алынуда. Егістік алқаптарды ағын сумен толық қамтылмауы сезілуде.
Ағын суды тиімді пайдалануда су шаруашылығы мамандары келіп жатқан ағын суды кезегімен ретімен бөліп беруде. Жетісай өндірістік бөлімшесінің мамандары мен ауылдық округі мамандарымен біргелікте шаруа қожалықтарына ағын су жеткізу бақылауға алынған.
Осы жауапқа келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің 91-бабына сәйкес, Сіз лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не жолданым бойынша белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз».
Еске салар жайт, Жетісай ауданның су қоры жер үсті мен жер асты суларынан тұрады. Жетісай ауданы аумағындағы су жүйелерінің каналдардың жалпы саны — 778 дана, ұзындығы — 1533,1 шақырым, арықтар — 179 бірлік (ұзындығы 511,4 шақырым). Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 86337 гектар көлеміндегі суармалы жерлер жоғарыда аталған каналдардың бойында іргелес жатуына байланысты сумен қамтамасыз етіледі.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналы Сырдария өзенінен бастау алып, Ш.Ділдабеков, Ынтымақ, Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм, Атамекен, Мақталы, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің егістік жерлерін суландырылады.
Жетісай ауданы аумағындағы бірнеше ауылдық округтерін қиып өтіп су қашыртқылары Сырдария өзеніне құяды.
Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алатын Достық каналынан таратылған каналдар арқылы ауданның суармалы егістік жерлері ағын сумен қамтылады.
Сондай-ақ бұл каналдардан басқа К-24-1-1-1, К-25, К-25-9, К-26, К-28, К-30, К-30а, К-30-ІІ, К-30-ІV және К-34 сияқты ірі каналдары бар. Осы каналдар арқылы ауданның толық суармалы егістік жерлері сумен қамтылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.