Түркістан облысы: Келестік кәсіпкер «Ауыл шаруашылғы саласының үздігі» атанды

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың, әкімдік өкілдерінің, депутаттардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен Қазақстан фермерлері қауымдастығының 20 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.

Конференция барысында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласының көрнекті қызметкерлерін марапаттады. Құрметке бөленгендер арасында Келес ауданындағы «А Жігер» өндірістік кооперативінің төрағасы Берік Салиев «Ауыл шаруашылғы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

— Мұндай іс-шара ауылдағы шаруаларға жаңа дем береді деп ойлаймын. Астана қаласына келіп, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен кездестік. Ауылдағы шаруашылықтың жай-күйін баяндап, өзекті мәселелерді атап өттім. Ол өз кезегінде жеңілдетілген несие мен лизинг көлемін және субсидиялау көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүріп жатқандығын, сонымен қатар АӨК дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын түзету жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты, — деді келестік шаруа Берік Салиев.

Келелі бас қосуда Ауыл шаруашылығы министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның фермерлер қауымдастығы соңғы жылдары фермерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың тиімді алаңына айналғанын атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin