Түркістан облысы: Келестік тұрғын ауыл шаруашылығына зор пайдасы тиетін, газбен жүретін трактор құрап шықты

Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің Көкбұлақ ауылында қарапайым тұрғын шағын трактор құрастырып шығарды. Өнертапқыш Ахмед Шүкірұлы тракторды құрастыруға үш жыл уақыт жұмсаған. Ол қораның әр бұрышында жатқан жарамсыз техника бөлшектерін жинап қана қоймай, кәдеге асатындарынан шаруаға қажетті металл бұйымдарын іске асырудың нағыз шеберіне айналды.

— Ауылымыздың тұрғындары ауыл шаруашылығы саласында еңбектенеді. Трактор алуға екінің бірі қол жеткізе бермейді. Бос уақытымда керексіз техникалардың басын қосып, трактор құрыстыруға кірістім. Құрылғымның қозғалтқышы Ваз – 2106 көлігінен алынған. Артқы «мосты» ГАЗ-53 және көптеген жарамсыз техникалардың материалдарын пайдаланылған. Айта кетерлігі, бұл трактордың пайдаланатын отын түрі газ және бензинді құрайды, — дейді өнертапқыш.

Бүгінгі уақытта трактор құрап шығарған Ахмед Шүкірұлы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне өз техникасымен қажетті жұмыстарды атқаруда.

Өнертапқыш бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра беруге, әлі де тың идеяларды іске асыруға ниетті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. It’ѕ great to ѕee innovative appгoaches to cutting Ԁown on carbon emissions.
    Ι’m curious ɑbout the environmental cost օf building and maintaining these plants.

    I’m impressed ƅy the circular economy aspect of theѕe plants.
    This kind of thinking іs exaсtly whаt we need foг a sustainable future.

    Μy blog; municpal (mssg.me)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.