Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінен «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасына 20 жоба ұсынылған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындармен кездесуінде айтты. Бастапқыда тек мал бордақылау, балық және жылыжай салу бойынша құжаттар қаралса, қазіргі таңда шағын кәсіп ашуға да басымдық беріліп отыр.
— Өткен аптаның ішінде облыстық тиісті басқармадан өкілдер келіп, Ақтөбе және Біртілек ауылдық округін ресми түрде «Ауыл аманаты» жобасына енгізді. Кәсіп бастаймыз деген азаматтарды сүйемелдеуге дайынбыз. Сонымен қатар алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелерді шешу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсам, Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған Ғ.Мұратбаев елді мекендеріне мектеп құрылысын жүргізу мәселесі бар. 2023 жылы Ғ.Мұратбаев елді мекені аумағынан 600 орындық жайлы мектеп құрылысы басталмақ. Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған елді мекендері аумағынан 300 орындық мектеп құрылысы 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілмек, — деді Жәнібек Есенұлы.
Айта кету керек, Келес ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нәтижесінде жобаға қызуғышылық танытып жатқан шаруалардың қатары көбейуде. Аудан халқының табысын ұлғайту мақсатында іске асып жатқан жобаға Келес ауданындағы Біртілек, Қошқарата, Ақтөбе және Ошақты ауылдық округтері аумағында тұратын азаматтар тартылуда. Себебі бұл жоба биыл пилоттық режимде іске асырылуына байланысты облыс аумағындағы аудандардан санаулы ауылдар енгізілді. Бұл туралы Келес аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.
— Алдағы жылдары жоба басқа да ауылдарда жалғасатын болады. Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға Қошқарата ауылдық округінен «Үш Арыс KZ» өндірістік кооперативі өтінім білдіріп, 73 кооперетив мүшелерінің отыз алтысы құжаттарын өткізіп үлгерді. Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты — өсімдік және мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Ал Ошақты ауылдық округі аумағынан «Төрт түлік-2023» өндірістік коопертиві атынан 30 азамат жеңілдетілген несиені рәсімдеуге өз құжттарын тапсырған. Бұл бірлестік алдағы уақытта мал бордақылау кәсібімен айналыспақ, — деді бөлім басшысы.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, ауданда тұрғындар сұранысы негізінде каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізіліп жатыр. Оның ішінде Ошақты ауылдық округі аумағындағы Жиделі каналына механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Теріс каналының 17 шақырымы мен Тешебай және Қуандық каналдары да механикалық әдіспен тазаланады деп жоспарланған.
Биыл аудан аумағында жалпы жалпы ұзындығы 270,3 шақырымды құрайтын 75 канал мен қашыртқыларды ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 127,9 шақырымды құрайтын 10 каналды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қажетті шаралар атқарылу үстінде.
Ағын су жүйесін дамыту бойынша 2019 жылы аудан бойынша нақты 39 канал және қашыртқының 120 шақырым аумағы ағымдағы жөндеуден және механикалық тазалау жұмыстары атқарылған болса, 2020 жылы 19 канал және қашыртқының 91,9 шақырым аумағы ағымдағы жөндеуден және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген. Ал өткен жылы 32 канал және қашыртқының 101,2 шақырым аумағы ағымдағы жөндеуден және механикалық тазалаудан өтті.
Жалпы, Келес ауданы бойынша 26 314 гектар суармалы жер бар. Оның 2 922 гектары Солтүстік Ташкент Каналы арқылы суландырылса, ВТК каналы арқылы – 1 020 гектары ағын су ішеді. Сонымен қатар, Ащынау Алпамыс батыр каналы арқылы – 921 гектар, Шошым каналы арқылы – 1 170 гектар, Аққойлы каналынан – 816 гектар, Ошақты каналы арқылы – 10 066 гектар жерлер ағын сумен қамтылады. Аудан бойынша ұзындығы 657,6 шақырымды құрайтын 148 дана канал және ұзындығы 393,6 шақырым болатын 144 дана қашыртқылар бар. Барлық су жүйелерінің ұзындығы 1051,2 шақырымды құрайды.
Айта өтейік, ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Келес ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны 147 дана, ұзындығы 641,3 шақырым, су қорғау белдеуі 834,75 га, қашыртқылар 144 бірлік, ұзындығы 393,6 шақырым, су қорғау белдеуі 593,6 га. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы суармалы жерлер ағын сумен қамтамасыз етіледі. Келес ауданы арқылы Келес және Құркелес өзендері ағып өтеді.
Келес өзенінің ұзындығы — 241 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 55 шақырымы өтеді. Қаржантаудың батыс беткейімен Қазығұрт тауынан бастау алады да, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны 6, бөгеттердің жалпы саны 6. Келес өзені арқылы 30 мың гектар егістік жер суландырылады.
Құркелес өзенінің ұзындығы — 95 шақырым, оның ішінде аудан аумағынан 83 шақырымы өтеді. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі аумағынан бастау алады да, Тегісшіл ауылдық округі, Келес ауданы аумағынан Біртілек, Ошақты, және Бірлік ауылдық округтерін қиып өтіп Сырдария өзеніне құяды. Құркелес өзеніне 8 шақты су тармақтары құяды. Өзенге іргелес орналасқан ауылдық округтерінің саны — 5. Құркелес өзені арқылы 18 мың гектар егістік жер суландырылады.
Егін шаруашылығы Келес және Құркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сондай-ақ аудан аумағында Шошым, Ошақты, Бесабдал, Оймауыт, Бозсу, Ащысай сияқты ірі каналдар және Ақылбексай су қоймасы бар. Осы каналдар арқылы егістік жерлер сумен қамтылады.
Бұдан бөлек, аудандағы Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша газ жеткізгіш құбырдың құжаттары заңдастырылып жатыр. Ішкі жүйелердің құжаттары толық аяқталған. Сондай-ақ, Бірлесу ауылдық округі аумағын абаттандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында сапалы инфрақұрылыммен қамту, ауылшаруашылығы саласында тың технологияларды жүзеге асыру сынды шаралар атқарылып жатыр.
— Қазіргі таңда «Абай Келес аудандық ауруханасы» МКК тарапынан 28 гвардия елді мекені аумағынан дәрігерлік емхана құрылысы үшін мемлекеттік актісі алынып, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалды. Мәселе толық шешімін тапқанша өз бақылауымда болады. Сонымен қатар таяу күндері Бірлесу ауылдық округіндегі кезек күттірмейтін ішкі каналдармен қашыртқыларды тазалау үшін «Тұран Су» мекемесімен ішкі каналдар механикалық тазалаудан өткізіледі, — деді аудан әкімі.
Айта кетсек, аудандағы Жүзімдік елді мекеніне 149 орындық мәдениет үйін салу үшін жобалық сметалық құжаттары қайта әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдары жүргізілмек.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
When someone writes an paragraph he/she retains the plan of a user in his/her
brain that how a user can know it. So that’s why this post
is great. Thanks!