Түркістан облысы: Келес ауданында «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде Ақтөбе ауылдық округінен балық шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту үшін «Тамсан-БТА 2023» өндірістік кооперативі құрылды

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінің құрамына 14 ауыл кіріп, 25 мыңнан аса халық тұрады. Жергілікті халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл сайын әлеуметтік нысандар салынып, көшелер жөндеуден өтуде.

Атап айтқанда, Қияжол елді мекенінің Қанағат көшесіне 1,8 шақырым электр желісі бағаналары және 1 дана трансформатор, Құйған елді мекенінің Шекара, Балықшылар және Қазына көшелеріне жалпы 3 шақырым электр желісі бағаналары мен 2 дана трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, Бозсу елді мекеніндегі Жаңалық, Денсаулық, Жаңағасыр көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 8,2 шақырым жол орта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілетін болады. Ал, Жуантөбе елді мекеніндегі Ақдала көшесі бойындағы көпірді ағымдағы жөндеу жұмыстары демеушілер тарапынан ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

— Ақтөбе ауылдық округі — ауданымыздағы даму перспективасы жоғары өңірлердің бірі. Мұнда еліміздегі ірі жүк өткізуге арналған Б.Қонысбаев кеден бекеті орналасқан. Алдағы уақытта көлік қозғалысы үшін автомагистрал және темір жол рельысі түсуі көзделген. Жергілікті тұрғындарды қолайлы инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамту үшін биыл екі мектептің құрылысы басталса, келер жылы тағы екі мектеп салынуы жоспарлануда. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы саласын өркендету үшін каналдар мен қашыртқыларды тазалап, «Оймауыт» магистралдық каналында орнатылған тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарға енгізіп отырмыз, — деді аудан әкімі өз баяндамасында.

Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы өз мәлімдемесінде Ынтымақ және Жаңадәуір елді мекендеріне медициналық пункт салу үшін қажетті құжаттары дайындалып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданғанғанын жеткізді. Сонымен қатар, Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Ескіқорған, Құйған, Қияжол елді мекендерге таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп жатқандығын айтып, тиісті жұмыстар атқарылатын атап өтті.

Алдағы уақытта тұрғындар сұранысы негізінде Жаңадәуір елді мекеніндегі Мектеп көшесі мен Қаратөбе және Ғ.Мұратбаев елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар жолдар орта жөгндеуден өткізілмек.

Ал, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін балық шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту мақсатында Ақтөбе ауылдық округінен «Тамсан-БТА 2023» өндірістік кооперативі құрылды. Қазіргі таңда 77 азамат несие алуға қызығушылық танытып, кооператив мүшесі болып тіркелген. Оның ішінде кәсіп бастауға ниетті 18 азамат 112 миллион теңге қаржы алды.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде жергілікті азаматтар оқушы санының жыл сайын артуына байланысты жаңа мектеп салып беруін сұранған болатын. Нәтижесінде Ақтөбе ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекені аумағынан 600 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек Көгерту ауылында 300 орындық білім нысанының құрылысы бастау алды. Келер жылы Жуантөбе және Ескіқорған елді мекендерінде 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

— Ақтөбе ауылдық округі — ауданымыздағы халық тығыз орналасқан өңірлердің бірі. Оқушылардың саны жыл өткен сайын артып, жаңа мектептер салуды талап етеді. Солардың бірі осы Көгерту ауылында. Өздеріңіз білесіздер әр шаңырақта бес, алты оқушы бар. Ал біздер сол оқушылардың сапалы білім алу үшін мектептер салып, білім базасын нығайтуымыз қажет. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асады, — дейді Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов.

Айта кетейік, №38 «Көгерту» бастауыш білім беретін мектебінде 70 оқушы білім алатын білім нысаны 1961 жылы пайдалануға берілген. Алғашында кәсіптік білім беру нысаны ретінде қолданылып, кейіннен ыңғайластырылған мектеп ретінде пайдаланып келінеді. Ауылдық елді мекеннің дамуы мен тұрғындар сұранысы негізінде жаңа мектеп салынатын жер телімі анықталды. Қос мектептің құрылысы келер жылы аяқталуы көзделген.

Сондай-ақ бүгін Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесті. Кездесу барысында елді толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, атқарылатын жұмыстадың барысы талқыланды.

— Өздеріңізбен жыл басынан бері төртінші рет кездесіп отырмыз. Өткен кездесулерде жалпы 8 нақты мәселе көтеріліп, арнайы іс-шара жоспары істелді. Бүгінгі таңда сол түйіткілдерді шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсам, Оңтүстік елді мекенінде ауыз су құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім ұсынылған. Қазіргі таңда аталған жоба қолдау тауып отыр. Алдағы уақытта мердігер мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланатын болады. Сонымен қатар, Жүзімдік ауылында мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасына ұсынылған. Сондай-ақ, Жүзімдік ауылдық округі аумағындағы «Ащысай» каналын механикалық тазалау жұмыстары «Тұран су» МКК тарапынан осы жылдың соңына дейін аталған каналдың 20 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілетін болады, — деді аудан басшысы.

Кездесу барысында аудан әкімі Ақсу елді мекеніне баратын аудандық маңызы бар жолды орта жөңдеуден өткізу бағытында арнайы құжаттамалары әзірленіп жатқанын атап өтіп, Жүзімдік елді мекенінен амбулатория құрылысына 0,50 гектар жер бөлінгенін, қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы құрылысын жүргізу жоспарда тұрғанын айтты.

Сонымен қатар, “Ауыл аманаты” жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, бағдарламаның шарттары мен мүмкіндіктерін баяндады.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, тиісті жауаптары берілді. Шешілуі уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin