Түркістан облысы: Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы мәселелер талқыланды

Келес ауданы әкімінің орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасының орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлының қатысуымен 2023 жылдың 1 шілдесінде аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның ІІ тоқсанға арналған отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық дербес бөлімдер, ауыл және ауылдық округі әкімшілігі, аудандық полиция бөлімі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері қатысты.

Бекітілген жоспарға сәйкес Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Келес ауданының жер қатынастары бөлімі және Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен бөлімдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстары қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша дербес бөлім басшыларына, ауыл және ауылдық округі әкімдеріне өз құзыреті шеңберінде өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше атқаруды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептерді болдырмау жөнінде күн тәртібіндегі қаралған мәселер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. I’m keen to learn about how Mantle 3D deals with adjustments
    or iterations during the production phase.

    How does the economic efficiency of Mantle 3D stack up with
    traditional methods over the lifecycle of a tool?

    The accuracy of Mantle’s 3D technology in manufacturing complex geometries could be
    particularly beneficial in custom tooling applications
    where exact specifications are critical.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.