Түркістан облысы: Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 70,4 миллиард теңгені құрады

Бұл туралы Келес ауданындағы Республика күніне және ауданның қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған бірқатар шаралар барысында айтылды. Алдымен аудан орталығы Абай ауылында биіктігі 12 метрлік Ту тұғыр орнатылды. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көтерілді. Республика күні өткен салтанатты жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, жиналған қауымды Республика күінмен құттықтады.

— Қадірменді, жерлестер! Барлықтарыңызды елдігіміздің нышаны болып қайта жаңғырған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ел аман, жұрт тыныш болсын! Осындай нысандар ел игілігіне қызмет етсін. Ауданымызда соңғы жылдары ілкімді істер атқарылуда. Тұрғындарымызды қолайлы инфрақұрылыммен қамту шаралары, футбол алаңдары мен мәдениет нысандарының қатары артып келеді. Осы сынды жобалар келешекте де іске аса бермек. Көк байрағымыз биікте мәңгі желбірей берсін, – деді аудан басшысы.

Шара барысында Келес ауданының төбе биі Өмірзақ Өтенов сөз сөйлеп, орнатылған Ту тұғыр жайында өз пікірімен бөлісті. Жастарды патриоттық рухта тәрбилеу жолында бұл нысанның алар орны ерекше екенін сөзге тиек етіп, баршаны мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара өнер жұлдыздары қатысқан аудан әкімі жастарымен еркін форматта өткізген кездесуімен жалғасты. Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуге ауданның тумасы, актриса Ұлбосын Шалқарова, өзбекстандық эстрада жұлдызы Алишер Байниязов және Жайдарман ойындары арқылы көпшілікке танылған Жандос Зиябеков пен Бақдаулет Жаманқұлов қатысты. Басқосуға аудан аумағындағы ауыл, ауылдық округтерден білім, мәдениет саласының жастары, жас кәсіпкерлер, ерікті жастар мен мүгедектігі бар жастар келді. Кездесу кешінің тізгінін аудандық Жастар Ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай ұстады. Аудан басшысы жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, өмірлік өнегесі, қызметтік тәжірибесімен бөліссе, өнер жұлдыздары да өздері туралы кеңінен баяндап, түрлі қызықты сәттерімен баяндады Кездесуде жастар ұтымды ұсыныстары мен сан түрлі бағытта сауал жолдап, нақты жауаптар алды.

– Жастар – болашақтың бастауы, келешектің көкжиегін қалыптастырушы, қоғамның қозғаушы күші. Ақыл – жастан дейді, олардың тың идеялары, бастамалары мен жобалары ел үшін, мемлекеттің ертеңі үшін үлкен инвестиция. Жастар қашанда жігерлі, ашық, еркін өсуі тиіс. Айтарын ашық, бүкпесіз жеткізуі керек. Ауданның кемелденуі, болашағының баянды болуы осы жастардың қолында, – деген аудан басшысы жастардың қойған сауалдарына жауап беріп, өмірлік өнегесі, қызметтік тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде өнер жұлдыздары да өздері туралы кеңінен баяндап, түрлі қызықты сәттерімен бөлісті. Кездесуде жастар ұтымды ұсыныстары мен сан түрлі бағытта сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу соңы жастардың аудан басшысы және өнер жұлдыздарымен естелік фотоға түсіп, түрлі салада жемісті еңбектеніп жүрген жас өрендерді марапаттауға ұласты.

Әрі қарай ауыл шаруашылығы және қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге аудан шаруалары жыл оны екі ай бейнетпен жетілдірген көкөніс түрлері, басқа өңірлерде өсе бермейтін жергілікті өнімдер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің қолдан жасаған әшекей бұйымдарын паш етілді. Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 70,4 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 % құрады. Оның ішінде, кәсіпкерлердің мал шаруашылығы бойынша табысы — 24,7 миллиард теңгені, өсімдік шаруашылығы бойынша пайдасы 45,6 миллиард теңгені құрады.

Абай ауылындағы Асан қайғы көшесі бойындағы аллеяға ағаш көшеттері егілді. Аталған шараға аудан басшысы, аудандық мәслихаттың төрағасы, «Аманат» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен жастар және өнер жұлдыздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында 300 дана ағаш көшеті қондырылды. Айта кетейік, Келес ауданында күзгі ағаш көшеттерін отырғызу науқаны қарқынды жүруде. Жалпы бүгінге дейін 1000-ға тарта көшет түрлі аумақтарға отырғызылды.

Ұлттық мерекеде ту ұстаған келестік велошабандоздар Асан қайғы көшесінен бастап, Абай ауылының орталық көшелерімен жүріп өтті. Аталмыш шеруге өңірдің 25-ке тарта белсенді жасы, аудан тұрғындары қатысып, шараны еріктілер де қолдады. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін дәл осы секілді велошеру Республика күнінен бөлек, Рәміздер мерекесі, Тәуелсіздік мейрамдарында да дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Жарты сағатқа созылған велошеру өңірдің басты мерекелік шарасы өтетеін орталық спорт алаңында өз мәресіне жетті.

Келес ауданының орталық стадионына 6 мыңнан аса тұрғын жиналды. Себебі мұнда Республика күніне және Келес ауданының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай гала концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шарада Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын қос мерекемен құттықтады. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, тұрғындардың көңілі сергіді. Өнер жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би биледі. Шара соңы мерекелік от шашумен аяқталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin