Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ветеринария саласындағы жұмысшы топтың көшпелі отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып және Түркістан облысының ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жоспарлау маманы Б.Керім Келес ауданына арнайы келіп, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен ауданның «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның мамандары және Келес ауданының статистика басқармасының мамандары қатысты.

— Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу кітапшасын күнделікті жаңарту қажет және АШЖБ дерекқор базасындағы және ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу кітабындағы мал санын сәйкестендіру, ауыл және ауылдық округ мамандары және ветеринария мамандарымен бірлесіп, ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді ауыстыру және тиісті түзетулерді енгізу мақсатында деректерді пайдаланумен маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде аулаларды толық аралау керек. Сонымен қатар, халыққа сауал салуды жүргізу арқылы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру жүргізу, мал дәрігерлерге сырғасыз жүрген малдарды есепке алу, ветеринариялық инспекторларға сырғалатпаған мал иелеріне айыппұл салу және базардағы малдарды тірідей және еттей сатылымы және мал сою пунктеріндегі малдың сойылуының есептерін кіріс-шығысын қадағалауды сұраймын. Сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері берілген функцияға сәйкес, мал санақ жүргізіуді қамтамасыз ету қажет, — деді Түркістан облысының ветеринария басқармасы энзоотиялық іс-шараларды атқару және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Жақып.

Жұмысшы топтың көшпелі отырысында қаралған мәселелер назарға алынып, хаттама толтырылды.

Осы тұста ескерер маңызды мәселе, жануарларды бірдейлендіру жануарлардың саулығын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін бақылаудың кепілі болып табылады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық өңдеулердің жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында, әрбір жануарға бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады. Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген.

Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру дегеніміз не және ол неге соншалықты маңызды?

Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі қаланың, кенттің мал дәрігеріне жүгінген кезде жүзеге асырылады. Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізеді және ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады.

Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар әр жануар бойынша ветеринарлық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық-ілеспе құжаттар беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады.

Анықталмаған жануарлардың иелері қандай проблемаларға тап болады?

Ветеринариялық өңдеу жүргізуді бақылаудың болмауы (бірдейлендіру болмаған жағдайда, ветеринардың жануардың қандай ауруларға егілгенін және зерттелгенін анықтауға мүмкіндігі жоқ);

Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (анықталған жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ);

Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері ветеринарлық анықтаманы беруге құқығы жоқ, егер иесі мал шаруашылығы өнімдеріне (ет, сүт және т. б.) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгісі келсе, осыған ұқсас жағдай орын алады.). Жануарларды тасымалдау, сату, союға жіберу кезінде оларды бірдейлендіру қажеттілігі туындайды.

— Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін АТЖ базасында мәліметтердің болуы (Ақпараттық-талдау жүйесі) АӨС компьютерлік деректер базасына сәйкес келуі тиіс, егер деректер сәйкес келмесе, субсидия алу мүмкін болмайды.

Қай уақытта біздің жануарларға сырға немесе таңба салу үшін ветеринармен кеңесу керек?

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей анықталады:

бұзаулар, қозылар, лақ, түйе төлдері-туған күнінен бастап жеті күн өткен соң;

тақ тұяқты жануарлардың төлдері (жылқы және басқа да жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткен соң (чиптеу кезінде).

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ұсыныстар:

Дер кезінде, ең бастысы, өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек.

Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.

Жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша ветеринариялық дәрігерге жүгіну қажет.

Еске сала кетейік, жануарларды бірдейлендіру жөнінде шараларды орындамағаны үшін, мал иелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес жауапты.

Тағы бір еске салар жайт, 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу ережелері күшіне енеді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Кимнің айтуынша, үй жануарын тіркеу үшін мамандар үйлерді араламайды.

«Бұл азаматтардың Конституциялық құқығы, үйіңізге кіргізбеуге құқығыңыз бар. Егер қандай да бір заңбұзушылық анықталса, көршісі иттің қарғыбаусыз жүргеніне шағымданса, иттің иесі анықталып, жануарды тіркеу туралы мәселе туындайды», – дейді ол.

Сондай-ақ ол үй жануары аулада серуендеп жүргенде учаскелік полицей келіп, иттің чиптелген-чиптелмегенін сұрауға құқылы ма деген сұраққа жауап берді.

«Иттің чипі бар-жоғын тексеру үшін арнайы сканер болуы керек. Иттің иесі мұндай жағдайда құжатын көрсетсе болады. Яғни, учаскелік инспектор сұрақ қоя алады», – дейді комитет төрағасының орынбасары.

Брифингте журналистер «мысық пәтерден шықпайтын болса да оны тіркеу қажет пе?» деп сұрады. Андрей Кимнің айтуынша, барлық ит пен мысықты тіркеу қажет.

Айта кетейік, жануарларды аулау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Ал үй жануарын есеп алу ақылы түрде жүргізіледі. Алайда оның құнын экология министрлігі бақыламайды.

«Бағаны Экология министрлігі бақыламайды. Оны нарық реттейді. Біз шекті бағаны белгілемейміз. Чип қою заң қабылданғанға дейін де болды. Оны ветеринарлық клиникалар іске асырды», – деді Андрей Ким.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.