
Келес ауданында жаңа буынды дамыту орталығының құрылысын жүргізу үшін Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінде орналасқан бұрынғы мақта қабылдау пунктінің ішінен 0,50 гектар жер телімі қарастырылып, мемлекеттік актісі алынды. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, жобалаушы мердігер «ЮжКазПроект» ЖШС-мен облыстық құрылыс басқармасы келісімшарт жасау жұмысын жүргізу үстінде.
Сонымен қатар, аталған аймақта «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 600 орынға лайықталған жаңа мектептің құрылысы мен мұражай және спорт кешені салынады. Бұл туралы Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов Сегізінші шақырылымындағы Келес аудандық мәслихатының кезекті екінші сессиясында атап өтті.
Сессия барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Мырзалыұлы бөлімнің өткен жылы атқарған және ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәлімдеді. Бөлім басшысының мәліметіне сәйкес бүгінде ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қос құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Сонымен қатар, Жамбыл және Қошқарата елді мекендерінде мәдениет үйлерінің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Сондай-ақ аудан бойынша «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Баяндама соңынан депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, бөлім басшысы тарапынан тиісті жауаптары берілді.
Айта кетейік, кезекті сессиясының күн тәртібінде 12 мәселе қаралып, атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Сессияға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
524542 244799 You made some decent points there. I looked on the internet for the problem and found most individuals will go along with with your website. 512721
263773 512589Right after study several the websites on your personal internet site now, i truly like your indicates of blogging. I bookmarked it to my bookmark internet site list and will also be checking back soon. Pls consider my web-site likewise and tell me what you consider. 210731
409224 712085Must tow line this caravan together with van trailer home your entire family quickly get exposed to the issues along with reversing create tight placement. awnings 639418
318544 705373I discovered your internet site internet site on google and check a couple of your early posts. Preserve in the top notch operate. I just extra up your Feed to my MSN News Reader. Seeking for toward reading far much more of your stuff afterwards! 477179