Түркістан облысы: Келес ауданының Ақтөбе ауылынын «Ауыл аманатына» 20 жоба ұсынылды

Ел аумағында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы қолға алынған-ды. Аталған жоба шеңберінде 2,5% несие беріліп, тұрғындар өз бизнесін бастауға мүмкіндік берілмек. Бастапқы сатыда тек мал бордақылау, балық және жылыжай салу бойынша құжаттар қаралса, қазіргі таңда шағын кәсіп ашу бойынша құжаттар қаралу жоспарланып отыр. Осыған орай, Ақтөбе ауылдық округінің әкіміне 20 жоба ұсыну тапсырылған болатын. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

— Бүгін, Ақтөбе ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Өткен аптаның ішінде облыстық тиісті басқармадан өкілдер келіп, Ақтөбе және Біртілек ауылдық округін ресми түрде «Ауыл аманаты» жобасына енгізілді. «Кәсіп бастаймыз» деген азаматтарды сүйемелдеуге дайынбыз. Сонымен қатар алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелерді шешу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсам, Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған Ғ.Мұратбаев елді мекендеріне мектеп құрылысы жүргізу. 2023 жылға Ғ.Мұратбаев елді мекенің аумағынан 600 орындық жайлы мектеп құрылысы жұмыстары жүргізіледі. Жуантөбе, Көгерту, Ескіқорған елді мекендері аумағынан 300 орындық мектеп құрылыс жұмыстарын жүргізу 2024-2025 жылдар аралығында жүргізілмек, — деді Жәнібек Есенұлы.

Аудан әкімі кездесу барысында ағымдағы жылдың мамыр айында елді мекендерді аралап, ондағы өзекті мәселелерді шешу үшін тиісті бөлімдер мен ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктелгенін айтты.

— Ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысу үшін мамыр айында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерді өзімнің орынбасарларымен, дербес бөлім басшылармен арнайы араладым. Аралау барысында бірнеше тапсырмалар бердім. Солардың бірі Ақтөбе ауылдық округі аумағынан өтетін Келес өзенің арнасы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді шайып кетуіне байланысты Келес өзенін қию бойынша ұсыныстар беріліп, қазіргі таңда қию жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауылдардың сыртқы қасбеті мен санитарлық тазалығы басты назарда болады, — деді аудан басшысы.

Кездесу барысында каналдармен, арық, атыздарды тазалауды, абаттандыру, жайылым жер мәселелері көтерілді. Әр бір қойылған сұраққа толыққанды жауап беріп, шешілуі бағытында арнайы ісшара жоспары бекітілді. Кездесу соңынан жеке қабылдау өтті.

Тағы бір атап өтер мәселе, Келес ауданында тұрғындар сұранасы негізінде каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өткізілуде. Солардың қатарында Ошақты ауылдық округі аумағындағы Жиделі каналы механикалық әдіспен тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Теріс каналының 17 шақырымы тазаланады. Сонымен қатар, Тешебай және Қуандық каналдары да механикалық әдіспен тазалануы жоспарланған. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

— Сіздерге осы кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Осыған дейінгі өткізілген кездесуде маңызды мәселелер көтеріліп, шешілу жолын қарастырып келеміз. Солардың қатарында Ошақты ауылдық округіне қарасты Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша газ жеткізгіш құбырдың құжаттары заңдастырылуда. Ішкі жүйелердің құжаттары толық біткен. Аталған жұмыстар біткен соң қаржы қарауға ұсынылатын болады. Ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына Ошақты ауылдық округі енген. Аталған жобаға Ошақтыдан 148 азамат ниет білдіріп отыр. Жобаға қызығушылық танытып, кәсібімді ашып, дамытамын дегендерге аудан әкімдігі тарапынан жан-жақтама қолдау, сүйемелдеу болады, — деді аудан басшысы.

Тұрғындар көтерген маңызды мәселенің бірі ішкі көшелерге шағал төсеу болып табылады. Ошақты ауылдық округінде 30 шақырым облыстық маңызы бар, 16 шақырым аудандық маңызы бар жолдар мен 111 шақырым ішкі жолдар бар. Бүгінгі таңда 35 шақырымы асфальт, 49 шақырымы шағал жол болса, 27 шақырымы топырақ жолды құрайды. Ошақты ауылдық округі аумағында өткен жылы 6 800 метр орта жөндеу жұмыстары, 16 850 метр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 27 шақырымға шағал төсеу бойынша сметалық құжаттары істеліп, салалық бөлімге жолданды. Әрбір елді мекен ауданның даму жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.

Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге Келес аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшыларымен құрылымдық бөлімдердің және құқық қорғау өкілдерінің басшылары қатысты.

Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев кездесу аяқталған бойда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселені басына барып көру мақсатында Саңырау елді мекеніне барды. Аудандық маңызы бар жолдың бойында орналасқан Саңырау каналының үстіндегі апатты көпірді тез арада ретке келтіру бойынша нақты тапсырма берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.