Түркістан облысы: Келес ауданының абаттануына жергілікті кәсіпкерлер де атсалысып жүр

Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округіндегі өзекті мәселелер өз шешімін табуда. Атап айтқанда, аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жергілікті тұрғындармен өткен кездесуінде Достық ауылындағы ауыз су ұңғымасы насосын ауыстыру мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі таңда аталған су насосы ауыстырылып, ауыл тұрғындарының пайдалануына берілді. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасынан бастау алатын В-24 каналы механикалық тазалаудан өткізілді. В-15 каналында бүгінгі таңда тазалау жұмыстары жүруде. Тұрғындар сұранған Қоралас ауылындағы бастауыш мектеп маңына жол кедергісін орнатылып, Ұшқын ауылындағы C.Сейфуллин көшесіне асфальт төселді. Бұл туралы аудан әкімінің Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

— Жыл басынан бері өздеріңізбен тұрақты түрде кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап келеміз. Ұшқын ауылдық округіне қатысты 17 маңызды мәселе көтерілсе, соның 8 мәселесі өз шешімін тапты. Қалған 9 мәселе бойынша жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға қосымша уақыт талап етілуде. Ауылдың абаттануына жергілікті кәсіпкерлер де атсалысуда. Атап айтсам, Ұшқын ауылындағы Сейфуллин, Жамбыл, Саттаров және Қ.Сатбаев көшелері жарықтандыру қондырғылары демеушілер есебінен орнатылды, — деді Жәнібек Ағыбаев өз сөзінде.

Жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген Достық ауылындағы Жаңажол, Достық, Озат, Мақташы және Ш.Құдайбердіұлы көшелеріне шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Достық ауылының шекара маңындағы мал суару суат мәселесін өз шешімін тапты. Алдағы уақытта Достық және Қоралас ауылдарына табиғи газ беріліп, ауыз су мәселесі өз шешімін табады. Бұл бағытта құжаттандыру жұмыстары аяқталып, бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ ауылдық округі аумағынан мәдениет үйі мен медициналық пункт салу жоспарға енген.

Бұдан бөлек Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылының ішкі көшелері толығымен асфальтталады. Бүгінгі таңда 12 көшенің 8 көшесін орта жөндеуден өткізу шаралары атқарылуда. Нысан келесі жылға өтпелі болып, қалған төрт көшенің құрылысы 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

— Ақжол елді мекенінің ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізу жұмыстары «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қазіргі таңда жеңімпаз мердігерлер Ақжол ауылындағы ішкі көшелерде, атап айтқанда, Мерей, Жеңіс, Ш.Қалдаяқов, Жастар, Бейбітшілік, О.Жандосов көшелерінде құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер заң талаптарына сәйкес ауыл тұрғындарына жалға берілді, — деді өз сөзінде аудан әкімі.

Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бүгінде өз шешімін тауып келеді. Атап айтқанда, Ақжол елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысы жүргізіліп, ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауылдық округінің орталығындағы Абай көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, гүлзарға қосымша орындықтар орнатылды.

Ал, Қауыншы елді мекеніндегі Б.Майлин көшесіндегі жарықтандыру шамдары ағымдағы жылдың мамыр айында толығымен жаңа шамдарға ауыстырылды. Аталған ауылдың Қажымұқан тас шағал төселсе, Т.Тәжібаев көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта Ақжол елді мекеніндегі Жаңақұрылыс, Жастар, Қазақстан көшелері және Қауыншы елді мекеніндегі Қажымұқан, Мұсабек батыр, Көктің ұлы көшелері сапалы электр желісімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Ақжол елді мекенінде орналасқан шекара бекетінің бұрынғы ғимаратына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Ал Қошқарата ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы Бесқұбыр ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесіп, ауыл мәселелерін талқылады.

— Өздеріңізбен жыл басынан бері төртінші рет кездесіп отырмыз. Өткен жолғы кездесулерімізде жалпы 19 нақты мәселе көтеріліп, бүгінде түйіткілдерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі білім мәселесінде, нақтырақ айтсам, оқушы санының артуына байланысты жаңа білім ошағын салу қажет болатын. Нәтижесінде Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол қатарда Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді, — деді аудан басшысы.

Аудан әкімі Қошқарата ауылдық округінің әрбір елді мекендерінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. Атап айтқанда Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игіліген табысталды.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын аудан басшысына жолдап, жауаптарын алды. Уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы ісшара жоспары бекітілетіні айтылды.

Сондай-ақ Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округіндегі өзекті мәселелер шешімін табуда. Елді мекендердің ішкі көшелері жөнделіп, әлеуметтік нысандардың қатары артып келеді. Атап айтқанда, ауылдық округі орталығынан 300 орындық білім ошағы биыл пайдалануға берілсе, Жиделі ауылынан мәдениет үйі мен мектеп құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта Атақоныс, Жиделі, Еңбек елді мекендерінде медициналық пункттер салынуы жоспарға енген. Бүгінгі таңда аталған елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік тірек салу үшін салынатын жері анықталып, техникалық шарттар алынған. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

— Ошақты ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Бүгінгі таңда өздеріңіз көтерген 5 мәселе нақты шешімін тапты. Солардың қатарында Сарыжылға және Береке елді мекендеріндегі ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, Ошақты ауылдық округіндегі “Жиделі”, “Тешебай”, “Қараман”, “Қуандық”, “Сабыр”, “Балтакөл”, “Ердәуіт”, “Көтерме” “Жақанша” “Тоғызбай” каналдары «Тұран су» МКК тарапынан механикалық әдіспен тазалау жұмыстары толығымен аяқталып, “Қаратал” каналын тазалау жұмыстары жүргізілуде, — деді аудан басшысы.

Ошақтыдағы тұрғындардың мәселесін шешу бағытында жұмыстар жалғасатын болады. Атап айтсақ, Саңырау және Қоңыртөбе елді мекендерінің электр желілері мен бағаналарын ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржысын қарауға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Сондай-ақ Ошақты ауылдық округіндегі Жиделі, Атақоныс, С.Саттаров, Қаратал, Бақышсай, Ынталы елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша қажетті құжаттамалар жасақталып, қаржысын қарау бойынша бюджеттік өтінім берілді.

Кездесу соңынан жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын аудан басшысына жолдап, тиісті жауаптары берілді. Уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы ісшара жоспары бекітілді.

Ал жаз мезгілінде Келес ауданының орталығы Абай ауылы бойынша таза ауыз су мәселесі өте өзекті болып отыр. Осыған орай, бүгінде Абай насос станциясының екі жерінен ұңғымалар қазылып, мембраналық су тазартқыш фильтрі, 500 тонналық қалдық суларын шығаратын су қоймасына және су сорғылары мен тиісті құрылғыларын орнатуға бюджеттен 134 миллион теңге қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. 2024 жылы ұңғымалар іске қосылып, Абай ауылын тәулік бойы таза ауыз суымен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Абай ауылының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

Аудан басшысының Абай ауылы тұрғындарымен кездесуі Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылып, көше, мөлтек аудандар мен ауылдың төбе билері қатысты. Кездесу барысында өткен жолғы бас қосуда көтерілген мәселелерге тоқталған аудан басшысы, алдағы жоспарыларымен де бөлісті.

— Бүгінде Абай ауылы, аудан орталығы болып қалыптасуымен әлеуметтік экономикалық даму қарқыны ұлғайып, халқының саны өсуі негізінде аудан орталығында орналасқан инфрақұрылым жүйелерін жаңарту, жаңадан қалыптастыру, абаттандыру жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындауына байланысты, Абай ауылының «егжей-тегжейлі жоспарлау мен біріктірілген бас жоспарына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Өзгерістер қоғамдық талқылауда қаралып, тиісті шешім қабылданады. Жоспарға сай аудан орталығындағы бірнеше өзекті мәселелерді шешілуі көзделуде, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Бүгінгі таңда аудан орталығындағы Ынтымақ, Қожамберді батыр, Отан, Мәдениет көшелерін сапалы электр қуатымен қамту шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, Т.Рысқұлов көшесінің өткелін орта жол жөндеуден өткізуге ұсынылып, бүгінде асфальттауға дайындық жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр. Ал, З.Рүстемов, Қойлыбаев көшелерін жарықтандыру мақсатында «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мекемесіне қарасты бетон бағаналарына жарық қондырғыларын орнату үшін техникалық шарттары алынды. Ендгі кезекте жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Кездесу соңынан тұрғындар аудан әкіміне ауылдың әлеуметтік мәселелері жөнінде сұрақтары мен ұсыныстарын жолдап, тиісті жауаптары берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin