Түркістан облысы: Келес ауданының мәдени күндері өтті

Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Келес ауданының мәдени күндері болды. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады.

Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуынша, рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді.

Шара барысында Сержанәлі Әлібек, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер сүйер қауым қосыла ән шырқап, әсем биімен кештің сәнін кіргізді.

Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Алғашқы күні Этноауыл кешенінде келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Ауданның қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылды. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін сахналады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сонымен қатар аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы әзірленіп, айтыс өтті. Халық әндері, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды. Екінші күні күндіщ ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.

Айта кетейік, алдағы аптада өнер көшін Түркістан қаласының және Жетісай ауданынының өнерпаздары жалғастырады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin