Түркістан облысы: Келес ауданының шаруалары жібек құртын өсіруге ынталанып отыр

Келес ауданының Біртілек ауылдық округінің «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысуы көзделген. Қазіргі таңда аталған жоба аясында 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 401 адам қызығушылық танытып отыр.

Оның ішінде 78 азаматтың құжаттары аудандық «Ырыс» микрокредиттік ұйымының өкіліне тапсырылса, 38 азаматқа облыстық микрокредиттік ұйымы тарапынан несиелері мақұлданды. Солардың қатарында тұт ағашын егіп, жібек құртын өндіруге бет бұрмақ болған азаматтар да бар. Оларға аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмектер берілмек. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Біртілек ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде атап өтті.

— «Ауыл аманаты» жобасы — кәсібін бастамақ болған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл жобаға Біртілек ауылдық округінің әлеуетін ескере келе қатыстыруды жөн санадық. Бүгінде ауылдық округі аумағында «АгроКент» ауыл шаруашылығы өндірісті коопертиві жылыжай және құс шаруашылығын дамыту бағыты бойынша ұсынылып, 78 адам кооперативке тіркелген. Қазіргі таңда 20 адамның құжаты (жылжымайтын мүлік) заңдастырылуда. Бұдан бөлек, өзім арнайы ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен танысу үшін мамыр айында Біртілек ауылдық округіне қарасты елді мекендерді өзімнің орынбасарларымен, дербес бөлім басшылармен арнайы араладым. Аралау барысында бірнеше тапсырмалар бердім, — деген аудан әкімі берілген тапсырмалардың орындалуы туралы кеңінен тоқталып өтті.

Игілік елді мекеніндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында Сарыағаш топтастырылған су жүйесі мекемесінің магистралды су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал Жолбасшы елді мекеніндегі облыстық маңызы бар жол бойына аяқжол салуға 2280 метрге сметалық құжаттары істеліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біртілек ауылдық округі бойынша ішкі жолдарды жөндеу бойынша 11 көшеге сараптамадан қорытынды алу үшін құжаттар әзірлену үстінде. Сонымен қатар 8 көшеге, жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын жолға шағал тас төсеп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттары істелді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бағытында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы кездесу соңында жеке мәселелері бойынша келген тұрғындарды қыбылдап, олардың мәселесін тыңдады.

Орайы келгенде тілге тиек етер тағы бір маңызды мәселе, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев өткен тоқсанда жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітілген болатын. Аудан орталығында өткен кездесу барысында тұрғындар Абай ауылында ауданның этномәдени бірлестіктеріне арналған орталық ғимарат салу үшін жер қарастыру мәселесін көтерген болатын. Осы мақсатта Абай ауылы әкімдігінің теңгерімінде орналасқан ескі мақта қабылдау пунктінің ішінде бос жатқан көлемі 0,36 гектар жер теліміне мұражай құрылысын жүргізу үшін қажетті құжаттар рәсімделуде. Бұдан бөлек жаңа буынды дамыту орталығы бойынша бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде. Құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Бұл туралы аудан орталығында тұратын тұрғындармен кездесуде аудан әкімі Жәнібек Есенұлы атап өтті.

— Өткен жолғы кездесуде өздеріңіз тарапынан маңызды мәселелер көтерілген болатын. Соларды шешу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсам, Ынтымақ, Маусым, Қожамберді батыр, Отан, Мәдениет көшелерін сапалы электр қуатымен қамту бағытында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер анықталды. Осы жылы құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Абай ауылындағы №105 жатақхана ғимаратына табиғи газ тарту мәселесі бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесімен жаңадан жоба жасалуда, алдағы уақытта өз шешімін табатын болады. №5 жалпы орта білім беретін мекемеге баратын «Шығыс» және «Еңбекші» ықшам аудандарының оқушылары үшін аяқжол салу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі ауыл тұрғынына тиесілі болғандықтан, бүгінде азаматтың келісімдері алынды. Сонымен қатар Абай ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізуге ұсыныс берілді. Бас жоспарға өзгерістер енгізіліп, бекітілген кейін құжаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыруға қосымша уақыт талап етуде, — деді аудан әкімі.

Кездесу барысында аудан әкімі Абай ауылының инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ауыл аумағында жолдардың 93 пайызы асфальтталған. Бүгінде 10 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сметалық құжаттар әзірленген. Оның ішінеде 8 көше (Маусым, Бәйтерек, Д.Қонаев, Т.Рысқұлов көшесінің №4 өткелі, Ж.Шаяхметов, Шығыс С.Баубеков, №10 көшелер) орта жол жөндеуге (асфалть төсеуге) мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта қаржы қаралуына орай, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Атап өту керек, Келес ауданы халқының саны 133 753 адамды құраса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 62,6 мың адамды құрайды. Жалпы, аудан аумағында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба негізінде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Олар, кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай дағдыларды дамыту, кәсіпкерлерді субсидиялық жұмыс орындарын құру арқылы қолдау, бұл жоба 5 бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жобалары аясында нақты шаралар атқарылуда. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрипа Темірбаева Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысында мәлімдеді.

— Биыл 420 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінге дейін олар 37 жұмыс берушіге 420 адам жолданды. Өтінім берген мекемелердің экономикалық бөлінісі бойынша 347 азамат ауыл шаруашылығы саласында, 75 азамат Қызмет көрсету саласында жұмыс атқарып жүр. 2 азамат жұмысты аяқтаған. Жұмыс беруші мекемелермен түзілген келісімшарттарға сәйкес, әрбір жұмысшының айлық жалақысының 35 пайызын Келес ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды, ал қалған 65 пайызын жұмыс беруші мекеме төлейді. 2023 жылға бір жұмысшыға субсидия көлемі 34 650 теңгені құраса, жұмыс берушінің төлейтін суммасы 64 350 теңгеге тең болды. Жалпы жалақы 99 000 теңгені құрайды, — деді Н.Темірбаева.

Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің маусым айына жоспарланған кезекті отырысы аудан әкімі аппаратында өтіп, үш мәселе қаралды. Олар, аудандық аурухана бас дәрігерінің атқарған жұмыстары, Бозай ауылы әкімінің және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының биылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары тыңдалып, талқыланды. Жоспарлы отырысқа Келес аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Мұхамеджанов және Кеңес мүшелері қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.