Түркістан облысы: Кентаулық оқушы еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары ұпай жинады

Түркістан облысындағы Кентау қаласының оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары 138 балды жинаған сәті, оны жақындарына сүйіншілеген эмоциясы әлеуметтік желіде кең тарады. Бұл көрсеткіш — әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже!

Айдос Хайруллаұлы Қожанов — 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11-сыныпта “Грант” жекеменшік мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінің мұғалім болғысы келеді.

Мектеп директоры Айдос туралы “Жыл бойы мектептің байқау сынақтарында І орынды бермей келген оқушымыз”, — деп үздік оқушысын мақтан етті.

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға жалпы 27 340 оқушы өтінім білдірген екен

Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і — «Алтын белгі» белгіге, 2 466 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin