Түркістан облысы: Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8400,0 мың теңге несие алып, шаруа қожалығын ашты

Кентау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Искаков Хантағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Ауыл тұрғындары ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын атап, жайылым жердегі су мәселесін көтерді. Бұлақтар тартылып су ішуге мүмкіндік жоқ деген ауыл тұрғындарына Қуаныш Искаков астау істеп, бұлақтарды ашу бойынша жұмыс атқаратынын түсіндірді.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Ғалымжанұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз ісін бастаған шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ауыл тұрғыны А.Салы 8400,0 мың теңге несие алып, мал бордақылау жұмысын бастаған. Бүгінгі таң 35 бас жылқы бодақылануда.

Сондай-ақ жергілікті бюжеттен ауылдағы шағын футбол алаңшасының құрылыс барысын бақылады.

Сонымен қатар, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыстан өткен көшелерді аралады. Биыл Хантағы ауылындағы 6 көше, ұзындығы 8,3 шақырым құрайтын жолдар орташа жөндеуден өткен болатын.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin