Түркістан облысы: Кентау қаласында «Бір орынбасар — бір кітап» акциясы өтті

Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, «Әдістемелік кабинеттің онкүндігі» бастау алды. Аталған онкүндік 2024 жылдың 15-25 сәуір аралығын қамтымақ.

Бүгінгі іс-шараны Кентау қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова өткізіп, онкүндікті ашты.

«Бір орынбасар — бір кітап» тақырыбында өткен акцияға бөлімге қарасты мектептердің оқу орынбасарлары қатысып, оқыған кітаптарын қорғап, қатысушылармен бөлісті.

Акцияның мақсаты ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Іс-шараның жоспарына сәйкес, танымдық бағытта сұрақтар беріліп «Ақ сүйек» ойыны ойнатылып, қатысушылар белсене қатысты. Акция соңында оқу орынбасарлары қорғаған кітаптарын бөлімнің акт залынан ашылған кітап сөресіне тарту етті.

Сонымен қатар Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, «Әдістемелік кабинеттің онкүндігі» аясында 2024 жылының 15 сәуір күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарымен «Наш язык и звучен, и богат…» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті.

Мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімдерінің білімін жаңарту және кеңейту, интеллектуалдық деңгейі мен сөйлеу мәдениетін арттыру, жас мамандарға әдістемелік көмек беру.

Интеллектуалды ойынды орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Г.Кеншембаева бастады. Әдіскер интеллектуалды ойынының мақсаты мен барысын таныстырды. Ойын 12 турдан құрылды. Әр турда түрлі тапсырмалар берілді. Келген жас мамандар екі топқа бөлініп жұмыс істеді.

1 тур: «Да или нет?»

2 тур: «Реставраторы»

3 тур «А автор кто?»

4 тур: «Ералаш»

5 тур: «Восстанови текст»

6 тур «Дешифровальщики»

7 тур: «Перевертыши»

8 тур: «Объяснялки»

9 тур: «Угадайка»

10 тур: «Конурс ораторов»

11 тур: «Корректор»

12 тур: «Догонялки»

Қорытындылай келе, интеллектуалды ойынға келген жас мамандар көрсетілген түрлі тапсырмалар туралы өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. Кентау қалалық білім бөлімінің орыс тілі пәні әдіскері Г.Кеншембаева ойынды қорытындылап, келген жас мамандарға шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin