Түркістан облысы: Мақтаарал ауданындағы К-18-50 каналына ИДЖЖ-2 (ПУИД-2) жобасы аясында қосымша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды

Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Кеңесшіл елдімекенінің тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Тағабай Әуесханұлы Бертаев ауылды су басу қаупі бар ағын су каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесіне қатысты 2023 жылы 24 мамырда облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғалиұлының жеке қабылдауында болды.

Жеке қабылдау нәтижесінде берілген хаттамалық тапсырма негізінде осы мәселеге байланысты 2023 жылдың 26 мамыры күні аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен арызданушы Т.Бертаевтың, жергілікті атқарушы органның, «Қазсушар» РМК ТФ-ның менеджері және басқада жауапты лауазымды тұлғалардың қатысуымен арнайы мәжіліс өткізілді.

Мәжіліс нәтижесімен Т.Бертаевтың арызында көрсетілген уәждер қанағаттандырылып, Жамбыл ауылындағы К-18-50 каналына ИДЖЖ-2 (ПУИД-2) жобасы аясында қосымша жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды.

Мәселесі оңды шешілген Т.Бертаев прокуратура және аудан әкімдігіне өз ризашылығын білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.