Түркістан облысы: Мәжіліс депутаттары Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымымен және аудандағы белсенді жастармен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Жетісай аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелерімен және Жетісай ауданының зиялы қауым өкілдерімен, ардагер ақсақалдармен кездесу өткізді.

Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Е.Ералиев, аудан әкімі С.Мамытов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Қайназаров қатысты. Кездесу барысында фракция мүшелері аудандағы өзекті деп табылатын білім, денсаулық және аймақтағы экономикалық мәселелерді зерделеді. Зиялы қауым өкілдері тарапынан да Парламент Мәжілісі депутаттарына бірқатар талап-тілектері мен ұсыныстар айтылды. Жиын соңында аудан ақсақалдары Мәжіліс депутаттарының жұмыстарына сәттілік тілеп, елдің ахуалын билік өкілдеріне жеткізе беруіне тілектестік білдірді.

Одан соң мандат иелері Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымымен және аудандағы белсенді жастармен кездесті. Кездесу оңтүстік өлкедегі педагогикалық мамандармен қамтамасыз ететін алғашқы қарашаңырақ білім ордасының ғимаратымен танысудан басталды. Колледж директоры Л.Баймаханова ұстаздардың, студенттердің білім деңгейін, жеткен жетістіктерін көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар колледж жатақханасы ғимаратын көрсетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасауды өтінді.

Еркін форматта өткен жастармен кездесу барысында жастар өздерінің бірқатар ұсыныс, тілектерін жеткізді. Келешекте жастарға арналған қандай жобалар болатынын сұрады.

– Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын, – деп бастады өз сөзін жалынды жастардың алдында Парламент Мәжілісі депутаты Нұрсұлтан Төленұлы. – Мен де Сіздер сияқты жас буын өкілімін. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жастарымыздың білім мен біліктілігінің сапасына, олардың ықыласы мен ынтасына байланысты, – деп атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin