Бүгін аудан орталығы — Темірланда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тұрғындар ауданның 10 ауылдық округінен әкелінген өнімдерді арзандатылған бағамен сатып алды.
Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан көкөніс пен жемістер, ет, сүт, қымыран, тауық етінің түр-түрлері мен балық өнімдері ұсынылды.
Сатылымға ұсынылған өнімдер жеке-жеке басты пияз 100-70 теңгеден; сәбіз 200-150 теңгеден; картоп 100-80 теңгеден; болгар қызыл бұрышы 200-120 теңгеден; көк болгар бұрышы 150-100 теңгеден; асқабақ 200-100 теңгеден; қызанақ 200-150 теңгеден; қияр 250-200 теңгеден; сарымсақ 1200-1000 теңгеден; сиыр/ қой еттері 2500-2000 теңгеден; қымыран 1000-750 теңгеден; балық 600-500 теңгеден саудаланды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.